Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2 еседен жоғары өсті
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Әзірбайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазовтың екі жақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында ведомстволар басшылары сауда, инвестициялар, экспорттық операциялар және басқа салалардағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Жеңіс Қасымбек 2017 жылдың сәуіріндегі Әзірбайжанның Мемлекет басшысының ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың сәтті жүзеге асырылуын атап өтті. Оның ішінде, екі ел арасындағы сауда айналымы 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 2 еседен жоғары өсіп, 168 млн. АҚШ долл. құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 81,5 млн. АҚШ долл.).
Өз кезегінде Парвиз Шахбазов қарым-қатынасты үкіметаралық комиссия отырыстарын өткізу, әр түрлі салалардағы серіктестер арасындағы байланыстарды реттеу және екі елдің бизнес топтарына арналған кездесулерді ұйымдастыру арқылы тереңдетудің маңыздылығын айтты.
Кездесу соңында тараптар сұхбат үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
Анықтама: 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сыртқы сауда айналымы 168,1 млн. АҚШ долл. құрады, ол 2017 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 106,3% жоғары (81,5 млн. АҚШ долл.)
2018 жылдың қаңтар-тамызындағы Әзірбайжаннан Қазақстанға экспорт 33,5 млн. АҚШ долл. құрады, ол 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75,7% артық (19,1 млн. АҚШ долл.).
.
http://mid.gov.kz/ru/news/bolee-chem-v-2-raza-vyros-tovarooborot-mezhdu-kazahstanom-i-azerbaydzhanom