Италияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
ХІ Еуразиялық экономикалық форум аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен таныстыру өтті.
Форумның мақсаты – Еуроодақ және ЕАЭЫ екі экономикалық бірлестіктің бизнес-қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты реттеу. Еуропалық кәсіпкерлер Қазақстандағы бизнес-климатты қалай бағалайтыны жайлы «Хабар 24» меншікті тілшісі әңгімелейді.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Веронадағы Еуразиялық экономикалық форумда қаржы саласындағы жаңа технологияларға арналған сессия аясында таныстырылды. Орталық өкілдерінің айтуынша, оның жұмыс істеу кезінен бастап 80 резидет тіркелді.
АХҚО басқарма төрағасының орынбасары Марат Айтенов:
- Олар әр түрлі салаларда жұмыс істейді, әр түрлі индустриялардағы сарапшылар ретінде олар біздің елге өз тәжірибесін, сараптамасын, дағдыларын, әр түрлі индустриялар мен секторларды дамыту, инвестицияларды тарту және оларды басқару бойынша көзқарасын әкелді. Onebeltoneroad – ол арқылы Қазақстан ғаламдық транзиттік алаң ретінде әр түрлі елдер арасындағы байланысты дамытуға септігін тигізеді және солайша инвестициялар ағынын арттыруға мүмкіндік туындайды.
Батыс инвесторлары мұнда Қазақстандағы жаңа қаржы орталығы ұынатын мүмкіндіктерді зерттеді. Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы және Халықаралық ынтымақтастық қорының президенті Романо Проди мырзаның айтуынша, бұл орталықтың әлеуеті жоғары болып табылады.
Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди:
- Қазақстанның Ресей мен Қытай арасындағы географиялық орналасуы қандай да бір қосымша қаржы орталығының болуын қажет етеді. Оның болашағы бар. Бұл жоба дұрыс қадамдардан басталды. Ол британ құқығына, ашықтыққа, әр түрлі басқа орталықтармен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне негізделген. Енді бұл орталықты ғаламдық қаржы жүйесіне енгізу бойынша жұмыс жасау қажет.
Қазақстандағы шетелдің бизнестің жағдайы жайлы форум қатысушылары Қазақстан жағынан ғана емес, елімізде жұмыс істейтін кәсіпкерлерден де біле алды.
200-жылдық тарихы бар «VICAT» француз концерні Қазақстанға он жыл бұрын келді. Компания Жамбыл облысындағы цемент зауытына шамамен 300 млн доллар инвестиция жұмсады. Қазір жылына 1 млн 600 мың тонна цемент өндіреді. Компания басшысы Ги Сидос Қазақстандағы зауыттың компанияның бүкіл әлем бойынша басқа кәсіпорындарының арасындағы ең тиімділерінің бірі болып табылатынын айтады. Ол көбінесе елдегі жағымды бизнес-климаттың арқасында деп біледі.
«VICAT» компаниясының бас директоры Ги Сидос:
- Мен Нұрсұлтан Назарбаевпен Брюссельде еуропалық кәсіпкерлермен сұхбат барысында кездесіп, қазір 300 негізгі жұмыс орны және 3000 ілеспе жұмыс орны бар осы кәсіпорынды құрудағы көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірдім. Біздің Қазақстандағы жұмысымыз табысты. Инвестициялық климат өте жақсы. Қазақстан басшылығы ол үшін барлық күшін жұмсауда.
Веронадағы Еуразиялық форум Атлантикадан бастап Тұнық мұхитқа дейінгі бизнесті біріктіретін алаңға арналды. Әр түрлі елдердің кәсіпкерлері ортақ мақсатты көздейді. Бұл шектерден, кедергілерден және геосаяси тәуекелдерден еркін кәсіпкерлік. Бұл тұрғыдан Еуразия жүрегінде тағы бір қаржы орталығын құруды мұнда әртараптандырудың үмітті мүмкіндігі ретінде қабылдады.
Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.2