ШҚО қуаттылығы жылына 30 мегаватт электр станциясының құрылысы басталды
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында қуаттылығы жылына 30 мегаватт электр станциясының құрылысы басталды.
Құны 17 миллиард теңгені құрайтын жоба шетелдік инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылады. Жаңғызтөбе кентінің 66 гектарында жұмыстар басталып қойды. Станцияны келесі жылдың тамыз айында қосу жоспарлануда. Одан басқа, ауданда жел электр станциясын салуға кіріседі.
Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов:
- Біз инвесторлармен Астанада ЭКСПО барысында кездестік. Сол кезде осы күн электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойдық. Ол біздің облысымыздағы алғашқы осындай станция.
Инвестициялық компанияның өкілі Данияр Сейтенов:
- Бұл жобамен біз елдің жалпы генерациясындағы жаңғыртылатын энергетиканың қатысу үлесін арттыруға әрекет жасаудамыз. Екіншіден, бұл қосымша жұмыс орындары. Құрылыстың қазіргі кезеңінде алаңда шамамен 140 адам орналасады. Пайдалану кезеңінде – 10-15 адам, олар ауысыммен жұмыс істейтін болады.
Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/273128-v-vko-nachalos-stroitelstvo-elektrostantsii-moshchnostyu-30-megavatt-v-god
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz