• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 5,5 есе өсті

2018 жылдың 24 қазанында ҚР ИДМ өкілдерінің Сингапур Республикасының ҚР Резидент емес елшісі З.Бин Бахарудинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда, инвестициялар, азаматтық авиация және басқалар тәрізді екі жақты ынтымақтастықтың бір қатар мәселелерін талқылады.

Ең алдымен, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтті. Солайша, 2018 жылдың сегіз айындағы Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 312,8 млн. АҚШ долл. құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 есе жоғары (56,2 млн. АҚШ. долл.). Оның негізгі үлесі – 286,6 млн. АҚШ долл. (8,9 есе өсім) қазақстандық экспортқа тиесілі.

Анықтама: 2017 жыл қорытындылары бойынша Қазақстанның Сингапурмен саудасы 35,3 % артып, 123,7 млн. АҚШ долл. құрады .

Қазақстанның Сингапурға экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 59,6 % артып, 86,5 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазақстанның Сингапурдан импорты 2016 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ және 37,2 млн. АҚШ долл. құрады.

Сондай-ақ, тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда сингапурлық қатысуы бар 100 заңды тұлға, филиалдар және өкілдіктер әрекет етеді.

Екі жақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін Сингапурда Қазақстан-Сингапур бизнес-форумын өткізудің егжей-тегжейі талқыланды.

Сонымен бірге, тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын талқыға салды. Солайша, екі елдің авиациялық билігі елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашуға, сонымен қатар, бір қатар басқа сұрақтарды шешуге бағытталған өзара әрекеттесуді жалғастырады.

http://mid.gov.kz/ru/news/tovarooborot-mezhdu-kazahstanom-i-singapurom-vyros-v-55-raz