• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан еуропалық бизнес үшін несімен маңызды?

Еуроодақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жартысы және біздің елге құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жартысынан көбі келеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жанат Эрнст, тілші, Twitter@ZhanatErnst:

- Еуропалық инвесторлар мен кәсіпкерлер тәуелсіздік алғалы елімізде құрылған инвестициялық климатты жоғары бағалайды және ауыл шаруашылығы, өңдеуші сектор, мұнай-газ саласы және «жасыл» технологияларды дамытудағы кейінгі ынтымақтастыққа жоспар құруда.

Ги Сидос, VICAT Group /Франция/ компаниясының басқарма төрағасы:

- Мен Президент Н.Ә.Назарбаевпен кездесуге және Үкімет біз үшін жасаған жағдайлар үшін оған алғыс білдіруге қуанышты болдым. Қазақстанда біз жеті жыл жұмыс істейміз және Балқаштың жанында зауыт салдық. Қазір инвестиция жұмсау үшін лайықты уақыт, себебі қаржы және мұнай бағасына байланысты дағдарыс артта қалды. Экономика өсуі мүмкін. Сіздердің Президенттеріңіз құрылыс бағдарламасын жариялады, бұл сіздерге бизнестің келуі үшін үлкен мүмкіндік.

Голландиялық бизнесмендердің Қазақстанда өсірілген картопты өңдеу зауытын ашу бойынша жоспарлары бар. Бәсекеге қабілетті экспорттық өнімді өндіру үшін жаңа технологиялар және фастфуд саласындағы ірі әлемдік компаниялардың талаптарына жауап беретін стандарттар бойынша экологиялық таза картоптың жаңа сұрыптарын шығарудың селекциялық тәжірибесі қажет.

Йос ден Бур, Farm Frites /Нидерланды/ компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі:

 - Қазақстан халқына Жолдауында Президенттеріңіз ауыл шаруашылығы - ел дамуының басымдықтарының бірі екенін хабарлады. Біз фри картобын өндіреміз. Бұл жылына бір жарым миллион тонна картоп және 800 мың тонна экспорттық ақырғы өнім. Біз картопты өсіру және өңдеудің үлкен мүмкіндіктері бар Қазақстанның аграглық әлеуетін пайдалануды жоспарлаудамыз.

Жанат Эрнст, тілші, Twitter@ZhanatErnst:

- Еуропа бизнесі үшін Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпір және жаңа Жібек жолындағы заманауи көлік-логистикалық хаб ретінде географиялық орналасуымен де маңызды.

Жан-Люк Моранж, CMI Group /Бельгия/ компаниясының басқарма төрағасы:

- Қазақстан өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекет. ЭКСПО-2017 өте қызықты және инновативті болды. Қазіргі басты бағыт – Қытаймен ынтымақтастық және жаңа Жібек жолын дамыту. Қазақстан өте тиімді орналасқан және тасымалдау және басқа салаларда ірі ойыншы бола алады.

Өткен жылдың ішінде ғана ЕО тікелей шетелдік инвестициялар түсімі шамамен 10 миллиард АҚШ долларына тең болды, ол тартылған капиталдың жартысын құрайды. Негізгі инвестор елдер Нидерланды, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Германия және Люксембург болып табылады. Елдегі инвестициялар түсімі үшін жасалатын жағдайлардың арқасында екі жақты өзара тиімді серіктестікті кейінгі арттыру үшін барлық алғышарттар бар.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов.


Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/272487-chem-vazhen-kazakhstan-dlya-evropejskogo-biznesa
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz