• Мобильді үстемені жүктеу

Mitsubishi Corporation қазақстандық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі

11 қазанда Астана қаласында Mitsubishi Corporation компаниясының Қазақстандағы филиалының директоры Toru Yasuda «НК «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ астаналық кеңсесінің директоры Альжан Бралиевпен кездесті. Осы кездесуге «AstanaInvest» қалалық дамыту орталығының және «Астана Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясының өкілдері де қатысты. Mitsubishi компаниясының басшылығына Астана қаласының халықаралық әуежайы базасында мультимодальді хаб құру жөніндегі жобаның тұсаукесері өтті.

Астана қаласының халықаралық әуежайы базасында мультимодальді хаб құру жөніндегі жобасы коммерциялық және тұрғын үй нысандары, индустриялық аймағы, көлік-логистикалық бағыттағы объектілері, рекреациялық орталықтары және туристік нысандары бар жаңа Аэротрополис орталығын құруды көздейді. Хаб қызметі әуе кемелері мен жолаушыларына қызмет көрсетуге, жүктерді өңдеуге және сақтауға, мультимодальді тасымалдауға, сонымен қоса, кейіннен инвесторларды индустриялық және коммерциялық аймақтарға тарта отырып, туристік, тұрғын үй және рекреациялық объектілер құрылысы арқылы Аэротрополис девелопментіне бағытталатын болады.

Диалог барысында Mitsubishi өкілдері компанияның инфрақұрылым (аэропорттар, су құбырлары, тұщыландыру құрылыстары, тазарту құрылыстары, газ тарату жүйелері және т.с.с. құрылысы) саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделілігін хабарлап айтты.

Бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылай отырып, «Астана Технополис» өкілдері СЭЗ басқарушы компаниясының қызметімен таныстырды, сонымен бірге, Астана қаласында №2 жаңа индустриялық паркінде кәсіпорындар ашу үшін инфрақұрылымды құру және жапон компанияларын тарту бойынша бірлесе ынтымақтасу ұсынылды.

Кездесу нәтижесінде диалог қатысушылары өзара тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Анықтама ретінде:

Mitsubishi Corporation – өнеркәсіптік қаржыландыру, энергетика, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, тұтыну тауарларын шығару саласын қоса алғанда, іс жүзінде экономиканың әр секторында қызмет атқаратын біріктірілген ғаламдық компания. Бүгінгі күні компанияның қызметі инвестициялар мен әр түрлі салалардағы бизнесті басқару болып табылады. Шамамен бүкіл әлемнің 90 елі мен аймақтарында 200-ден астам кеңсесі мен еншілес компаниялары бар және 1200 компания тобының желісін қамтитын Mitsubishi Corporation әр елде 70000-нан астам қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/mitsubishi-corporation-zainteresovany-v-kazakhstanskikh-infrastrukturnykh-proektakh/