• Мобильді үстемені жүктеу

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері!

2018 жылы 30 қазанда Алматы қ. (Оспанов, к. 401, Отель «Royal Tulip Almaty») Қазақстан Республикасының бизнес өкілдері және мемлекеттік құзырлы органдарымен мемлекет экономикасына инвестициялар және АСЕАН нарығында Қазақстандық өнімін экспорттау саласында екі жақты (өзара тиімді) ынтымақтастығы мәселесі бойынша Біріккен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің кездесуі өтеді.

Анықтама: АСЕАН (ЕАЭО аналогы) экономикалық қауымдастығы 1967 жылы қаланған, 623 млн. адамға (8,6 % тұрғындары) жуық тұрғындарымен Оңтүстік-Шығыс Азияның                         10 мемлекетін біріктіріп, АСЕАН ЖІӨ жалпы көлемі 2,6 трлн. АҚШ долларын немесе әлемдік ЖІӨ 3 % жуық өнімнің экспорты және импорты үшін ең перспективті экономикалық тұғырнама болап табылды.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Малайзияға мемлекеттік ресми барысы аясында (2012 ж. 17-18 сәуір) «Біріккен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңес мекемесі жөнінде»Келісіміне қол қойылды. Осы Іскерлік кеңес Қазақстан Республикасы және Малайзия арасында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, кеңейтуге және нығайтуға және инвестициялар тартуға ықпал етуге шақырылған.

Қызығушылық танытқан жағдайда Изимбайулы Мирасбек Іскерлік кеңесінің хатшысына + 7 701 577 76 09 телефоны, email: ppsca@bk.ru арқылы хабарласу.