• Мобильді үстемені жүктеу

«Қазақстанда жасалған» өнеркәсіптік көрмесіне 50 артық қазақстандық өндіруші қатысты

Бүгін Астрахан қ. «Қазақстанда жасалған» сауда-өнеркәсіптік көрмесінің ашылуы өтті. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Тимур Тоқтабаев басқарды.

Өз сөзінде Тимур Тоқтабаев: «Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі бола отырып, біздің елдердің экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттесуді кейінгі жақсарту үшін үлкен әлеуеті бар. Оның дәлелі – ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан мен Астрахан облысы арасындағы тауар айналымының 24% артуы (17 млн. АҚШ долл.)» деді.

Көрменің негізгі мақсаты – қазақстандық тауар өндірушілердің өнімін Ресей нарығына ілгерілету, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту. 

Биылғы жылы сауда-эмонокилық жәрмеңкеге әр түрлі саладағы 50 артық  қазақстандық компания, РФ Оңтүстік федералдық округінің бизнес-қауымдастығы (Астрахан, Волгоград, Қалмықия, Краснодар өлкесі, Ростов облыстары), әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттары (банктер), билік органдарының өкілдері, өңірлік СӨП, одақтар мен қауымдастықтар жетекшілері, туроператорлар мен Астрахан қаласының дипломатиялық корпусы қатысты.

Сауда-өнеркәсіптік көрме аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ресейлік инвесторларды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тарту мақсатында Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтарымен таныстыру форматындағы бизнес-семинар өткізіліп, әлеуетті инвесторлар іздеуге арналған тауашалы жобалар тізімі ұсынылды.

Анықтама: Алғаш рет бұл жобаны KAZAKH INVEST  2016 жылы қосты. Ол кезде қазақстандық компаниялар Ресейдің «Мария-Ра» және «Кировский» өңірлік сауда желілерінде 42 тауар позицияларын ұсынды. «Ресейдегі қазақстандық тауарлар апталары» акциясы бір уақытта Новосібір, Екатеринбург, Барнаул, Кемерово, Томск және Новокузнецк қалаларында өтті, ол отандық кәсіпорындар өнімін 900 жуық сауда орындарында ұсынуға мүмкіндік берді.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/svyshe-50-kazahstanskih-proizvoditeley-prinyali-uchastie-v-torgovo-promyshlennoy-vystavke