Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара сауда көлемдері 2 есе өсті
Бүгін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Румынияның Іскерлік орта, сауда және кәсіпкерлік министрлігінің Мемлекеттік Хатшысы Габриела-Михаела Войчилэмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестициялар, көлік және логистика, азаматтық авиация, өңдеу өнеркәсібі және машина жасау тәрізді әр түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады..
2017 жылдан бастап Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымының өсуі байқалуда. Егер 2017 жыл қорытындылары бойынша тауар айналымы 8% артса, 2018 жылдың 7 айының ішінде өзара сауда көлемдері 2 есе артып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. АҚШ долларынан асты (567,2 млн. АҚШ долл.).
http://mid.gov.kz/ru/news/v-2-raza-vyrosli-obemy-vzaimnoy-torgovli-mezhdu-kazahstanom-i-rumyniey