• Мобильді үстемені жүктеу

Кореялық инвесторларға Қазақстанда жол салу ұсынылды

Сеулде көлік саласындағы Қазақстандық инвестициялық жобалар таныстыруға ұсынылды. Онда ғаламдық инфрақұрылымға арналған концеренция өтті. Оған елуге жуық елдің өкілдері қатысты.

Біздің республиканы «Бәйтерек» холдингінің Қазақтандық жобаларды дайындау қоры ұсынды. Оның ішінде, кореялық инвесторларды жеңіл рельсті көлік және Алматыда темір жол айналмасын салу, сонымен бірге, Түркістан облысындағы жол жобалары қызықтырды.

Шымкент пен Сарыағаш арасында жол салуға конкурс келесі жылы жарияланады. Жобаның алдын ала құны – шамамен 500 миллион доллар. Қазіргі уақытта қажетті құжаттама, оның ішінде, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Kazakhstan Project Preparation Fund басқарушы директоры Аслан Болатов:

- Біріншісі – Өзбекстанмен шекарадағы айналма жол. Содан кейін Сарыағаш пен Шымкент арасында салынған жолдарды пайдалану. Сонымен бірге, Шымкент қаласының айналма автожолын салу. Жобаның міндеті – оңтүстік елдерден келген жүк ағыны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізіне барынша жылдам жетуі үшін, осы екі қала – Сарыағаш пен Шымкенттің жүктемесін төмендету.

Источник: http://24.kz/ru/news/economyc/item/266368-korejskim-investoram-predlozhili-postroit-dorogi-v-kazakhstane