• Мобильді үстемені жүктеу

Индустрияландыру жылдарының ішінде 100 артық ірі жоба жүзеге асырылды – Р.Скляр машина жасауды мемлекеттік қолдау шаралары туралы

 Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығындағы баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр Роман Скляр машина жасау саласының кәсіпорындарын мемлекеттік қолдаудың қабылданып жатқан шаралары жайлы әңгімеледі.

Бүгін Қазақстан Машина жасаушыларының V форумы басталады, мұнда машина жасау саласын дамытудың өзекті мәселелері ғана емес, бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің ірі жүйелі мәселелері талқыға салынады.

Роман Скляр атап өткендей, машина жасау деңгейі ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады.

«Машина жасау - ең күрделі және сараланған салалардың бірі. Машина жасаудың мемлекеттік реттеу шараларына сезімталдығының себебі осында болар. Бәсекелестіктің жоғары деңгейіне қарамастан, машина жасау болашаққа үмітпен қарайды, оған мемлекет  тарапынан айтарлықтай қолдау шаралары көрсетілуде», — дейді бірінші вице-министр.

Солайша,бұл сала елді индустриялық-инновациялық дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы аясында басым сала ретінде белгіленген. ИИДМБ алғашқы бес жылдығын жүзеге асыру жылдарында машина жасау ең қарқынды дамып келе жатқан салаға айналды. Саладағы өндіріс көлемі 2010 ж. 376 млрд теңгеден 2014 ж. 870 млрд теңгеге дейін 2,3 есе артты. Өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі отандық машина жасау үлесі 9,7% бастап 14,8% дейін өсті. Жалпы индустрияландыру жылдарында машина жасау саласында 100 артық жоба жүзеге асырылды.

ҚР ИДМ мәліметтері бойынша, 2018 ж. сегіз айының қорытындылары бойынша машина жасаудағы өндіріс көлемі 638,1 млрд. теңгені, өндіріс өсімі  13,8% құрады. Машина жасау салаларының арасында өсімнің ең жоғары қарқынын автомобиль жасау көрсетті. Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы құны 117,7 млрд теңдеге 19 мыңнан артық автомобиль өндірілді, ол өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе артық.

Р. Склярдың айтуынша саланы мемлекеттік реттеу механизмдері Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы кезінен бастап дамыған және бұл үдеріс саланың жағдайынан ғана емес, елдің және әлемдік экономикадан тәуелді болған. Мемлекетті колдаудың баламалы шараларын әзірлеу мақсаттарында Кәсіпкерлік, Салық және Кеден кодекстеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Машина жасауды ынталандыру мақсаттарында мемлекет кәсіпорындарды да, тұтынушыларды де жеңілдікті кредит берумен қамтамасыз етеді. Солайша, «Бәйтерек» ҰБХ арқылы қызметтердің кең спектрі ұсынылады, олардың ішінде, өндірістер құру немесе жаңғырту жобаларын қаржыландыру және банк қарыздарының пайыздық мөлшерлемелерін қаражаттандыру.

«Осыған байланысты мысал ретінде жеңілдікті автокредит беру және лизингтік қаржыландыру бағдарламасын атап кеткен жөн, олар экономиканың құлдырауы кезінде қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыруға және отандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдауға мүмкіндік берді», — деді Р. Скляр.

Одан басқа, экспортты «Қазақинвест» арқылы қолдау тәрізді қолдаудың жалпы шаралары, сондай-ақ, «Бәйтерек» желісі бойынша индустриялық жобаларды дамытуды ынталандыратын басқа шаралар бар.

Р. Скляр машина жасауды кейінгі дамыту мақсаттарында Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Машина жасаушылар одағымен бірлесіп 2019-2030 жж. арналған Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін хабарлады, бұл жоба Қазақстан Машина жасаушыларының VI форумы аясында меморгандар, даму және бизнес институттарымен талқыланатын болады.

Қорытындылай отырып, инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр қарқынды дамып келе жатқан бұл саланы дамыту мақсаттарында бизнесті қолдау құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету саясатын жалғастыру және мемлекеттік реттеу қажеттілігін атап өтті.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/za-gody-industrializacii-realizovano-bolee-100-krupnyh-proektov-r-sklyar-o-merah-gospodderzhki