Қазақстан БАӘ-нің Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналуы мүмкін
Елдер арасындағы инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі перспективалары жайлы Дубайдағы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі Илья Оразақов Біріккен Араб Әміріліктерінің 14 жетекші іскерлік басылымдарының өкілдерімен кездесуде айтты.
«Біздің елдер арасында жылы және стратегиялық қарым-қатынас тарихи қалыптасқан. Алайда тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастық айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Екі елдің сарапшыларының пікірінше, экономикалық ынтымақтастық әлеуетін кем дегенде үш еселеуге болады» - деп атап өтті Илья Уразаков.
2017 жылдың мәліметтері бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 680 млн. АҚШ доллары белгісіне жақындады, осы уақыттағы қазақстандық жобаларға инвестициялар көлемі шамамен 4 млрд. долларды, ал соңғы 10 жылдағы елге құйылған шетелдік инвестициялар көлемі 270 млрд. долларын немесе Орталық Азияның барлық инвестицияларының 63% құрады.
2018-2022 жылдарға арналған Қазақстанның Инвестициялық стратегиясын таныстыру аясында Оразақов Қазақстанның бүгінгі күні Таяу Шығыс бизнесін экономиканың әр түрлі салаларындағы ынтымақтастыққа белсенді шақыратынын және Араб Әмірліктерінің бизнесімен қызметтесудің ең үмітті салаларының ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы және туризм саласындағы жобалар екенін атап өтті.
Оразақовтың айтуынша, Қазақстан бүгінгі күні БАӘ инвесторлары үшін инвестициялық ынтымақтастық аясында Еуразияның ортасындағы 220 млн. га ауыл шаруашылық жерлерін және салықтардан босатуды ұсынады.
«Бүгінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың аса табысты болатынына күмән жоқ! Біздің елдер бір мүдделі. БАӘ алдыңғы қатарлы технологиялар, жақсы менеджмент және халықаралық сараптаманың иегерлері. Қазақстан бай шикізат базасынан басқа, сапалы өңдеу жағдайларын, толық мемлекеттік қолдауды және әрине, жаңа нарықтарға қолжетімділікті ұсынуға дайын. Біздің еліміз – 500 млн. адам саналатын жаңа, белсенді дамып келе жатқан нарыққа «терезе», бұл Орталық Азия елдері, Батыс Қытайдың, Ресейдің аумағы және Каспий маңы мемлекеттері», - деді Оразақов.