• Мобильді үстемені жүктеу

«Kazakh Invest» Ұлыбританияның және Ирландияның мемлекеттік мекемелерімен бір қатар кездесулер өткізді

«KazakhInvest» басқарма төрағасының орынбасары  Рустам Исатаев Ұлыбританияның және Ирландия Республикасының мемлекеттік агенттіктерінің өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады.

Лондонда Рустам Исатаев Халықаралық сауда департаментінің өкілі Эндрю Кейрмен кездесті. Бұл ұйым Біріккен Корольдік пен ЕО құрамына кірмейтін елдер арасындағы сауда келісімдерін жасау және кеңейту үшін жауапты Ұлыбританияның үкіметтік департаменті болып табылады. Тараптар Қазақстан аумағында біріккен инвестжобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

Одан басқа, сақтандыру және банктер үшін кепілдендіру ұсыну арқылы экспорттаушылар мен инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсететін UK Export Finance басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында UKEF желісі бойынша қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Дублин қ. ирландиялық «IDA Ireland» мемлекеттік агенттігімен инвестиция жұмылдыру жөніндегі ақыл-кеңес және тәжірибе алмасу өтті. 1949 жылы құрылған IDA агенттігінің әлемнің барлық континенттерінде 28 кеңсесі бар, ол Ирландияға шетелдік инвестицияларды тартумен айналысады.

Бұл кездесулер 2018 жылдың 2 қазанында Лондонда өтетін Kazakhstan Global Investment Forum дайындық аясында ұйымдастырылғанын атап кеткен жөн. Форум аймақтың ірі компанияларының 150 артық жетекшісін жинайды. 

http://www.invest.gov.kz/ru/news/kazakh_invest_provel_ryad_vstrech_s_gosuchrezhdeniyami_velikobritanii_i_irlandii