• Мобильді үстемені жүктеу

«KazakhInvest» Басқармасының төрағасы Қазақстандағы «MitsubishiUFJFinancialGroup» өкілдігінің басшысымен кездесті

«KazakhInvest» Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстандағы  «MitsubishiUFJFinancialGroup» өкілдігінің қайта тағайындалған басшысы  Ешихиро Уцумимен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге өкілдіктің бұрынғы басшысы Хидеюки Асано да қатысты.

Кездесу барысында тараптар өзара қарым-қатынас перспективаларын, сондай-ақ жуықта Жапонияда өткізілетін Қазақстанға арналған инвестициялық семинарды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. KazakhInvest» тарапынан жапондық компаниялардың қарауына ҚР аумағындағы инвестициялық жобалар ұсынылатын болады.

Анықтама ретінде: 
MitsubishiUFJFinancialGroup, Inc (MUFG) – ең ірі жапондық банк және қаржылық холдингтік компаниясы, шамамен 2,5 триллион доллар активі бар. «GlobalFinance» журналының нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең үздік корпоративтік банкі.

http://www.invest.gov.kz/ru/news/predsedatel_pravleniya_kazakh_invest__vstretilsya_s_glavoi_predstavitelstva_mitsubishi_ufj_financial_group_v_kazahstane