«KazakhInvest» Басқармасының төрағасы Қазақстандағы «MitsubishiUFJFinancialGroup» өкілдігінің басшысымен кездесті
«KazakhInvest» Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстандағы «MitsubishiUFJFinancialGroup» өкілдігінің қайта тағайындалған басшысы Ешихиро Уцумимен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге өкілдіктің бұрынғы басшысы Хидеюки Асано да қатысты.
Кездесу барысында тараптар өзара қарым-қатынас перспективаларын, сондай-ақ жуықта Жапонияда өткізілетін Қазақстанға арналған инвестициялық семинарды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. KazakhInvest» тарапынан жапондық компаниялардың қарауына ҚР аумағындағы инвестициялық жобалар ұсынылатын болады.
Анықтама ретінде:
MitsubishiUFJFinancialGroup, Inc (MUFG) – ең ірі жапондық банк және қаржылық холдингтік компаниясы, шамамен 2,5 триллион доллар активі бар. «GlobalFinance» журналының нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең үздік корпоративтік банкі.