• Мобильді үстемені жүктеу

Индустриаландыру бағдарламасы өңдеуші сектордың тұрақтылығы мен өсуіне қолайлы ықпал етіп отыр

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, индустриаландырудың екінші бесжылдығы 2015 жылы басталды, сондықтан Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары базалық 2015 жылмен салыстырмалы түрде жиынтықталып отыр.

"Бағдарламаны жүзеге асыру өңдеуші сектордың тұрақтылығына және өсудің оң динамикасына жағымды ықпал етеді. Өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ үлесі 2015 жылдың 3 айы ішінде 11,6%-дан 2018 жылдың  3 айы ішінде  12,9%-ға артты, өнеркәсіпте - 2015 жылдың 3 айы ішінде 39,5%-дан 2018 жылдың  3 айы ішінде  40,9%-ға артты, экспорттың - 2015 жылдың 2 айы ішінде 24,4%-дан 2018 жылдың  2 айы ішінде  28,7%-ға артты, тікелей шетелдік инвестициялар түсімі бойынша -  2015 жылдың 3 айы ішінде 15,5%-дан 2018 жылдың  3 айы ішінде  17,6%-ға артты»,- деп атап айтты Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, индустриаландыру дайын өнім шығаруға бағытталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында (химиялық өнеркәсіп, машина жасау, жиhаз өндірісі, құрылыс материалдары және т.с.с.) кәсіпорындар санының артуына жағдай жасап отыр. Егер, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығын 2010 жылмен салыстыратын болсақ, өңдеуші салаларда қосымша 3,5 мың істегі кәсіпорындар пайда болды.

Өсім негізінен машина жасау (805 бірлікке), тамақ өнеркәсібі (545 бірлікке), құрылыс материалдары өндірісі (514 бірлікке) салаларында кәсіпорындар санының артуы есебінен қамтамасыз етілді, олардың жиынтық үлесі өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемі республика бойынша жалпы алғанда 2018 жылдың 2 айы ішінде 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарай 20,5%-ға артты және 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

"Тауар экспортының ағымдағы географиясы 123 елден тұрады, бұл елдерге шамамен 800 тауар позициясы экспортқа шығарылады. Кейбір тауарлық позициялар бойынша жаңа сату нарықтары ашылды. Мысалға, 2018 жылы біз Өзбекстанға машина жасау өнімдері мен құрылыс материалдарын, Украинаға химиялық өнім жеткізуді бастадық", - деп министр экспорт туралы айтып өтті.

Жеңіс Қасымбектің берген ақпараты бойынша тамақ өнеркәсібінің өнімі шетелде сұранысқа ие болып отыр, экспорттың жиынтық көлемі 112 млн. АҚШ долларын құрайды. Атап айтқанда, Иран, Бахрейнге ет өнімдерін жеткізу басталды, Ресейге ет өнімдерінің, жануар және өсімдік майларының, Қытайға өсімдік майының, Өзбекстанға қант экспорты өсті.

http://mid.gov.kz/ru/news/programma-industrializacii-blagopriyatno-vliyaet-na-ustoychivost-i-rost-obrabatyvayushchego