• Мобильді үстемені жүктеу

Дубай қаласында «Trade and Economic Mission to UAE» сауда мисиясы болып өтті

Дубай қаласында БАӘ-дегі «KazakhInvest» Өкілдігі Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесе отырып, «Tradeand Economic MissiontoUAE» сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды. 

Аталған іс-шараға БАӘ 34 компаниясы және 16 қазақстандық компания қатысты, ынтымақтастық шарттарын жан-жақты талқылай отырып, әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізілді.

Араб бизнесінің өкілдері ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ өнеркәсібі тәрізді салаларда қазақстандық өндірістің тауарларымен танысты.

«БАӘ экономикасының әр түрлі секторларындағы компания-көшбасшылар бүгінгі күні бизнес-серіктестік жоспарында Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл елде Қазақстанды келешегі зор тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан аймақ ретінде қабылдайды. БАӘ бизнесі ҚР аумағында инвестициялау және өндіріс құру форматын қарастырады, себебі оларды жоғары қосылған  құнымен толық цикл қызықтырады»  - деп мәлімдеді іс-шара аясында БАӘ-дегі «KazakhInvest» өкілдігінің басшысы Илья Уразаков.

Екі елдің бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде Илья Уразаков басым инвестициялық жобаларға арналғвн салық артықшылықтары, шетелдік инвесторларға арналған «бірыңғай терезенің» жұмыс принциптері туралы айтып өтті.

Анықтама ретінде: Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 2017 жыл ішінде 640 млн. АҚШ долларына жетті.

 

http://www.invest.gov.kz/ru/news/v_gdubai_sostoyalas_torgovaya_missiya_trade_and_economic_mission_to_uae