• Мобильді үстемені жүктеу

Үкімет және бизнес брендтерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінеді

Бүгін Астанада «Қазақстанның брендтері. Brands of Kazakhstan» кітабының екінші томының тұсаукесері өтті.

Кітапта әр түрлі өңірлерде және экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс жасайтын ірі қазақстандық компаниялар, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері туралы ақпарат ұсынылған.

Қазақстанның брендтері. Brands of Kazakhstan» кітабының екінші томы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің алғысөзімен шықты, мұнда министр отандық брендтерді қазақстандық және шетелдік нарықтарда ілгерілетудің өзектілігін атап өтті.

Тұсаукесер барысында ҚР ИДМ Экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің Директоры Алимжан Тохтасунов мемлекет дайын өнім өндірушілері мен әлеуетті экспорттаушыларына көрсететін қолдау шаралары туралы әңгімеледі.

«Соңғы 7 жыл ішінде индустриялық-инновациялық дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайын өнімнің 40 астам жаңа түрі шетелге экспортталады. Осының барлығы үкіметтің және бизнестің брендтерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінетіндігінің арқасында», деп атап өтті А.Тохтасунов.

Сондай-ақ, 100 нақты қадам Ұлт жоспарын орындау аясында отандық ауыл шаруашылығы өсірген органикалық өнімдер кірген «Qazaq Organic Food», «Halal», «KazMai» және ет өнімі жеке бөлінген «KazMeat» төрт шатырлы бренд әзірленгенін атап өтті.

Анықтама

2016 жылы қазақстандық брендтер туралы кітаптың шығармашылық ұжымы қазақстандық брендтер туралы «MadeinKazakhstan. Қазақстанның брендтері – BrandsofKazakhstan» алғашқы кітабын басып шығарды. Кітап Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды. 2017 жылы «Қазақстанның брендтері. BrandsofKazakhstan» көп томды коллекциялық басылымын шығару туралы шешім қабылданды. 2017 жылы «ЭКСПО-2017» Дүниежүзілік көрмесіне арналған осы кітаптың бірінші томы шықты. 2018 жылы Қазақстанның астанасы – Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Қазақстанның брендтері. BrandsofKazakhstan» кітабының екінші томы жарық көрді.

Кітаптың тұсаукесері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткенін, салтанатты шара аяқталғаннан кейін мұнда басылымның бірнеше данасы сыйға тартылғанын атап кеткен жөн.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/pravitelstvo-i-biznes-ponimayut-vazhnost-sovmestnoy-raboty-po-prodvizheniyu-brendov