• Мобильді үстемені жүктеу

Казақстан және Ауғанстан әр түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

2018 жылғы 3 тамызда ҚР ИДМ қолдауымен Ауғанстаннның өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расавтың басшылығымен ауған бизнесмендерінің ірі делегациясының сапары өтті.

Шараға бизнес топтарының 40 астам өкілі қатысты, олардың 20 ауған бизнесінің өкілдері.

Сапар аясында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қабыкеновтың ауған делегациясымен кездесуі, сондай-ақ, Қазақстан және Ауғанстан бизнесінің өкілдері арасында бір қатар В2В кездесулер өтті. Кездесуге сондай-ақ «Қазақ-Инвест», «ҚТЖ», «Қазгеология», «Қазақ-Экспорт» және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы тәрізді ірі қазақстандық ұлттық компаниялар қатысты.

Сапар барысында тараптар сауда және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, жерүсті және әуе көлігі, сонымен қатар, геология мен минералды ресурстарды қоса, әр түрлі салалардағы Қазақстан-Ауғанстан қарым-қатынастарының ағымдағы жағдайы мен даму болашағын талқылады.

Сонымен бірге, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алаңында ауыл шаруашылығы, көлік және логистика тәрізді салалардағы Қазақстанның орта бизнесімен кездесулер ұйымдастырылды.

Бұл шара мемлекеттік секторлар, сондай-ақ, екі елдің бизнес өкілдерінде қызығушылық тудырғанын ерекше атап кеткен жөн, ол өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан екі жақты ынтымақтастықтың ең қызықты тақырыптарын талқылауға түрткі болды.

Конференция қорытындылары бойынша делегациялар басшылары Конференцияның келісімді хаттамасына қол қойды. Жалпы, шара конструктивтік және достық жағдайда өтті.

Анықтама: Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы тауар айналымы 180,2 млн. АҚШ долл. құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3% жоғары (151,1 млн. АҚШ долл.).

2005 жылдан бастап 2018 ж. 1 тоқсанына дейінгі уақыт аралығында Ауғанстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 0,2 млн. АҚШ долл. құрады.

2005 жылдан бастап 2018 жылдың 1 тоқсанына дейінгі уақыт аралығында Қазақстаннан Ауғанстанға тікелей инвестициялардың жылыстауы 0,3 млн. АҚШ долл. құрады.

Бірлескен кәсіпорындар

2018 жылдың 1 маусымына қатысты жағдай бойынша Қазақстанда ауғандық қатысуы бар 272 заңды тұлға, филиалдар және өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде әрекет ететіндері - 119.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-afganistan-namereny-ukreplyat-sotrudnichestvo-v-raznyh-sferah