• Мобильді үстемені жүктеу

Алматыда халық тұтынатын отандық тауарлардың жәрмеңкесі ашылды

28-29 шілдеде ҚР ИДМ NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ –ның бастамасымен Алматыда халық тұтынатын отандық тауарлардың жәрмеңкесі ашылды. Осы жәрмеңкенің мақсаты тұрғындардың отандық өнім туралы ақпараттандырылуын кеңейту үшін дегустация, киіп көру, одан кейін сатып алу мүмкіндігімен отандық өндірушілер мен олардың өнімдерін  көпшілікке тарату, сонымен қоса, «Қазақстанда жасалған» брендін ішкі нарықта алға жылжытуға жәрдемдесу болып табылады.

Республикамыздың барлық аймақтарынан келген 60-тан астам компания өз өнімінің мол түрін сатылымға қойды: әйелдер, ерлер және балалар киімі, аяқ киім, шұлық бұйымдары, үй тоқыма өнімдері, кілем бұйымдары, кітап өнімі, тұрмыстық химия, аксессуарлар, косметика, сувенирлер, тағам өнімдері және т.б.

Сонымен қатар, жәрмеңке шеңберінде қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен жасыл технология ұсынылды, атап айтқанда, «Әлем Тынысы» ЖШС – Қазақстан Республикасының территориясында және ТМД елдерінде антифриздерді, жылу тасығыштарды, тосолды, сулы гликольді сұйықтықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, «Kuntech» ЖШС – күнмен жылыту құрылғыларын - гелиоколлекторларды өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы ғылыми-өндірістік компания, «Эко Продактс Групп» ЖШС – биологиялық ыдырағыш пакеттерді өндіру.

Агенттік «Қазақстанда жасалған» жалпыұттық акциясына қолдау көрсетіп, отандық тауарлардың жәрмеңкесін осымен үшінші жыл өткізіп отырғанын атап өткен жөн. Өткен жәрмеңкелермен салыстырғанда қатысушылардың саны артты, тауарлардың түрлері әр алуан бола бастады, бұл елімізде шығарылатын тауарлардың атауы ұлғайып келе жатқанын білдіреді.  

«Біздің халық тұтынатын отандық тауарлардың жәрмеңкесі келушілердің қазақстандық өніммен танысуына мүмкіндік береді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары біздің тауарларды шетелдік тауарлармен салыстыра отырып, қазақстандық өнім бағасы жағынан ғана емес, сапасы жағынан да бәсекеге қабілетті екеніне көз жеткізеді. Халық тұтынатын қазақстандық тауарларға сұраныстың жоғарылауы кәсіпкерлер үшін осы салаға қаржы салуға ынталандырады. Жалпы, біздің компанияның жұмысы алдағы уақытта қазақстандықтар «Қазақстанда жасалған» деген логотипі бар тауарларды мақтанышпен сатып алуына және пайдалануына бағытталған, - деп атап өтті «NADLoC» АҚ Жергілікті қамту идеологиясын дамыту орталығының директоры Руслан Ибраимов.

Жәрмеңкеде ұтыс ойындары, әйелдердің, ерлердің және балалардың сәнді киімдерінің көрсетілімдері, отандық өнімдердің дегустациялары өткізілді.

Келушілердің айтуынша, жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстандық өндірушілерден бағалы сыйлықтар ұтып алуға болатын көптеген конкурстар өткізілді. Дегустацияларда жәрмеңке қонақтары сүт өнімдерінен бастап кондитерлік тағамдарға дейінгі түрлі-түрлі тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік алды. 

Сонымен бірге, мұндай жәрмеңкелер жергілікті өндірушілердің өніміне деген қызығушылығы мен сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өткен жөн. Бұл өз өндірісін ашуды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге де үлгі болмақ.

http://mid.gov.kz/ru/news/v-almaty-otkrylas-yarmarka-otechestvennyh-tovarov-narodnogo-potrebleniya