• Мобильді үстемені жүктеу

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Хаировтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Паташалығының Халықаралық сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі министрі Грэм Стюартпен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда және инвестициялар, транзиттік көлік әлеуеті, жер қойнауын пайдалану және тау-кен металлургия салаларында бұдан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Ерлан Хаиров Ұлыбритания Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі және ірі инвесторы болып табылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, экспортты бірлесе ілгері жылжытуда оң динамиканы және одан әрі сауда-экономикалық байланысты нығайтуға, екі жаққа бірдей тиімді салаларда өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

Министр Грэм Стюарт біржақты және екіжақты іс-шаралар, соның ішінде қазақстандық, британдық және қытай өкілдерінің қатысуымен «Бір белдеу – Бір жол» бастамасы бойынша шаралар өткізу арқылы қарым-қатынастарды тереңдету маңыздылығын айтып өтті.

Тараптар ТКМК, жаңа технологиялар, көлік және өнеркәсіп тәрізді салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады және Астана қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-британдық үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысын өткізуге өзара ықылас білдірді.

Кездесу аяқталғаннан кейін тараптар болып өткен кездесуге ризашылық білдірді, келешекте Қазақстан мен Ұлыбритания арасында қарым-қатынастарды дамыту маңыздылығын атап өтті.

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-velikobritaniya-zainteresovany-ukreplyat-vzaimnoe-sotrudnichestvo