• Мобильді үстемені жүктеу

Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable 2018 ғаламдық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда

2018 жылғы маусымның 3 күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағыньаевтың төрағалық етуімен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.

KGIR-2018 ірі компаниялар мен отандық бизнестің, мемлекеттік органдардың 650–ден астан басшылары, әлемдік саясаткерлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен дипломаттық корпустың өкілдері қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, инвестиция, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласында Қазақстан Республикасының саясатын талқылау.

Инвестиция тарту үшін экономиканың мынадай маңызды бағыттары талқыланатын болады :

  • Жекешелендіру
  • Агроөнеркәсіптік секторды дамыту.
  • Цифрландыру.
  • Энергетика.
  • Инфрақұрылым және логистика.
  • АХҚО

Іс-шара бағдарламасында «Қазақстан: жаңа сын-тегеуріндерге қарсы» пленарлық отырысын, келесі тақырыптарға дөңгелек үстелдер  өткізу жоспарланған:

  • «Әртараптандырылған экономика үшін жаңа нарықтар құру»,
  • «Еуразиялық аймақтың логистикалық әлеуеті»,
  • «Қазақстанның энергетикалық әлеуеті — дамудың жаңа кезеңіне инвестициялар»,
  • «Цифрландырудың Еуразиялық күн тәртібі – 4.0 индустриясының инфрақұрылымын дамыту».

Сондай-ақ,  KGIR-2018 алаңында үкімет брифингтері ұйымдастырылатын болады:

  • «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру»,
  • «Агроөнеркәсіп: жаңа жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,
  • «Металлургия мен тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері», сондай-ақ
  • «Астана халықаралық қаржы орталығы — еуразиялық қаржы нарықтарына кіру» АХҚО тұсаукесері.
  •  

http://invest.gov.kz/ru/news/zavtra_v_astane_sostoitsya_kruglii_stol_po_globalnim_investitsiyam_kazakhstan_global_investment_roundtable_2018