Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable 2018 ғаламдық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда
2018 жылғы маусымның 3 күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағыньаевтың төрағалық етуімен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.

KGIR-2018 ірі компаниялар мен отандық бизнестің, мемлекеттік органдардың 650–ден астан басшылары, әлемдік саясаткерлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен дипломаттық корпустың өкілдері қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, инвестиция, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласында Қазақстан Республикасының саясатын талқылау.
Инвестиция тарту үшін экономиканың мынадай маңызды бағыттары талқыланатын болады :
- Жекешелендіру
 - Агроөнеркәсіптік секторды дамыту.
 - Цифрландыру.
 - Энергетика.
 - Инфрақұрылым және логистика.
 - АХҚО
 
Іс-шара бағдарламасында «Қазақстан: жаңа сын-тегеуріндерге қарсы» пленарлық отырысын, келесі тақырыптарға дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған:
- «Әртараптандырылған экономика үшін жаңа нарықтар құру»,
 - «Еуразиялық аймақтың логистикалық әлеуеті»,
 - «Қазақстанның энергетикалық әлеуеті — дамудың жаңа кезеңіне инвестициялар»,
 - «Цифрландырудың Еуразиялық күн тәртібі – 4.0 индустриясының инфрақұрылымын дамыту».
 
Сондай-ақ, KGIR-2018 алаңында үкімет брифингтері ұйымдастырылатын болады:
- «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру»,
 - «Агроөнеркәсіп: жаңа жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,
 - «Металлургия мен тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері», сондай-ақ
 - «Астана халықаралық қаржы орталығы — еуразиялық қаржы нарықтарына кіру» АХҚО тұсаукесері.
 
