• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

2018 жылдың 8 маусымында Пекинде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Бірлескен Қазақстан-Қытай қорын құру туралы келісімге қол қойылды. 

Қазақстан тарапынан Келісімге «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Айдар Арифханов, ал Қытай тарапынан  CITIC Eurasian Capital Limited Бас директоры Сунь Ян және Қытай-Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық қорының Президенті Линь Ган қол қойды, - деп хабарлады «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Құрылатын қордың жоспарланып отырған нысаналы мөлшері 500 млн. АҚШ долларына дейін. Қордың негізгі инвестициялары Қазақстан аумағындағы экономиканың әр түрлі салаларында, оның ішінде инфрақұрылымды дамыту, табиғи ресурстарды қайта өңдеу, логистика, ақпараттық технологиялар, өңдеуші өнеркәсіптер және агроөнеркәсіптік кешенге қатысты жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады, - деп атап өтті  Айдар Арифханов.

Келісімді жүзеге асыру жөніндегі қазақстандық әріптес «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болмақ. Осыдан бұрын 2017 жылғы 7 маусымда Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Саммиті шеңберінде «Инвестициялық қорды құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойылған болатын.

«Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund жаңа қоры Қазақстан экономикасына Қытай елінің CITIC Group, China Eurasian Economic Cooperation Fund, Asia Investment Finance Group Limited және басқа ірі институционалдық және жеке инвесторларын тартуға мүмкіндік береді». Келісімге қол қою біздің қазақстандық жобаларды қаржыландыру көзін кеңейту бойынша табысты жұмысымыздың нәтижесі»,- деді - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков.


http://24.kz/ru/news/economyc/item/245528-kazakhstan-i-kitaj-sozdali-sovmestnyj-investitsionnyj-fond