• Мобильді үстемені жүктеу

ПариждеI Қазақстан-француз инвестфорумы өткізілді

28 мамырда Парижде ҚР-ның Франциядағы Елшілігінің және  «KazakhInvest» ұлттық компаниясының  қолдауымен Қазақстан-француз инвестициялық форумы өткізіліп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды және ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Форумға ФР Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің (ЕСІМ) Мемлекеттік Хатшысы Жан-Батист Лемуан, ҚР СІМ-нің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров, Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Галиев, ҚР-дағы  Францияның елшісі Филипп Мартине, «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Франция, Қазақстан елдеріндегі бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Қатысушылар Форумның ашылу рәсімінде француз компанияларының арасында Еуразиялық контингентті байланыстыратын стратегиялық дәліз болып табылатын Қазақстанға капитал салымы бойынша үлкен қызығушылық бар екенін атап өтті. 

Елші Жан Галиев форумның француз қатысушыларын халықаралық бизнес үшін анағұрлым қызықты болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Астана экономикалық форумында, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы  және «Бес әлеуметтік бастамасы» үндеуіндегі сүбелі ойларымен таныстырды.

Өз кезегінде, ҚР СІМ-нің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров өткен жылы Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың шамамен 25%-ы өңдеуші өнеркәсіп саласына жіберілгенін хабарлады. «Бұл Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласында ғана емес, басқа салада көзге түсе бастағанын білдіреді. Біз халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейміз, өткен жылы Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің мүшесі болды», - деп атап өтті Е.Хаиров.

Сонымен қатар, Лемуан мырза Қазақстанмен статегиялық әріптестіктің маңыздылығына тоқталды: «Біз Қазақстанмен әлеуметтік әріптестік туралы сөз қозғаған кезде мұндай қарым-қатынастың болашағы зор деп айта аламын.  Енді осы әріптестікке жаңа дем беріп, оның экономикалық, саяси ерекшеліктерін ескере отырып, нығайту керек. Қазақстанның жекешелендіру бағдарламасы  - бұл өте қызықты тақырып. Францияда Қазақстан ұсынып отырған ынтымақстастыққа жауап бере алатындай, білім мен құзіреттілік бар деп ойлаймын».

«Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Орталық Азия елдерінің ЖІӨ инвестицияларының шамамен жан басына шаққандағы 2/3 бөлігі тартылған инвестициялар бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында бірінші орынға ие болып отырған Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, С. Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдау, оның ішінде АХҚО қаржылық құралдарының кең спектрі арқылы қолданыстағы  механизмдері туралы айтып берді.

«KAZAKH INVEST» ақпараты бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әлемдік компаниялар саны 500 млн. адамнан асатын нарыққа шығуға мүмкіндігі бар. Халықаралық 5 темір жол және 6 автомобиль жолдары бағыттарын, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» заманауи трансконтиненталдық автомагистралі бар мультимодальді Еуразиялық көлік дәлізі Қазақстан арқылы өтеді.

«Біздің көлік дәліздері шамамен 10-15 күннің ішінде жүкті Азиядан (Ляньюнгань, Қытай порты) Еуропаға (Дуйсбург, Германия порты) немесе керісінше жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүкті теңіз жолы арқылы жеткізумен салыстырғанда 2-3 есе жылдам. Контейнерлік тасымалдаулар 2 есеге ұлғайды деп айта аламын», -деді С. Тұяқбаев.

Француз бизнесмендеріне экономика саласындағы Ұлттық инвестицтя стратегияларына сәйкес 50 тауашалы жобалар ұсынылды. Осы инвестициялық ұсыныстар «Deloitte»-пен бірге әзірленді.

Мұнымен қоса, форум шеңберінде, «Қазақстан «Жаңа Жібек жолындағы» инвестициялар мен экспорт үшін платформа ретінде», «Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту құралдары» және «Экономиканы цифрландыру»  сессияларында өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, инвестфорум шеңберінде Technologies ECM мен Казатомпром арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/v_parizhe_proshel_i_kazahstanskofrantsuzskii_investforum