• Мобильді үстемені жүктеу

Қытайлық инвестормен қамыстан дайындалған қағаз және целлюлоза шығаратын зауыт құрылысы туралы келісімге қол жетті

Бұгін Астанада «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев «Qifeng New Material» қытайлық компания басшысы Ли Хуфенгпен кездесті.

Кездесу барысында қамыстан дайындалған қағаз және целлюлоза өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Инвестор жобаға сатылы түрде 320 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асырылған жағдайда, қамыстан дайындалған қағаз және целлюлоза өндірісінің көлемі жыл сайын 200 мың тоннаны құрайтын болады. Фабрика 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда. Өндірісте ECF (Elementary Chlorine Free) таңбалауы бар хлорсыз қағазды ағартудың экологиялық технологиясы қолданылады.

«Qifeng New Material» өкілдері шетелдік компанияларға арналған инвестициялық артықшылықтармен танысты. Жобаны жүзеге асыру орнын таңдау үшін «Kazakh Invest» өкілдерімен бірге бірқатар өңірлерді аралау туралы келісімге қол жетті.

Анықтама үшін: «Qifeng New Material» декоративтік қағаз жартылай фабрикаттары мен тоқымасыз тұсқағаздардың әлемдегі ең ірі өндірушісі болып табылады. Өнім әлемнің 30-дан астам еліне экспортталады. 212 ұлттық патенті мен негізгі өнертабыстарға арналған 18 патенті бар.

http://invest.gov.kz/ru/news/s_kitaiskim_investorom_dostignuta_dogovorennost_o_stroitelstve_zavoda_po_proizvodstvu_tsellulozi_i_bumagi_iz_kamisha