• Мобильді үстемені жүктеу

Инвестиицялық апта аясында түрік кәсіпкерлерімен 30-дан астам кездесу өтті

Түркиядағы инвестициялық апта қорытындысы бойынша Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов жетекшілігіндегі Қазақстан делегациясы ірі тұрік холдингтерімен 30-дан астам кездесу өткізді. Инвесторлармен кездесу ҚР Түркиядағы Елшілігі және «Kazakh Invest» ҰК қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесуде Ronesans Holding басқарма төрағасы Эрман Ылыджак МЖӘ механизмі бойынша Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Қазақстандық тарап бірқатан МЖӘ жобаларын ұсынды.

YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесу барысында инвестициялар және даму вице-министрі компания Қазақстанда МЖӘ механизмі бойынша бірінші инвесторлардың бірі болып, «Ақтау халықаралық әуежайын» сенімді басқаруға алғанын атап өтті. 2018 жылы Ақтау әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалының құрылысы және оны пайдалануға беруге арналған концессия келісімшарты жасалды. Қазір компания Астанада мектеппен біріктірілген балабақша құрылысы бойынша жаңа жобаға қызығушылық танытып отыр.

Қазақстан делегациясы, сондай-ақ, Calik Holding басшылығымен де кездесті. Компания «Тау-кен Самұрық» ҰТК бірлесіп Қарағанды облысындағы Оңтүстік-Мойынты алаңында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қызығушылық білдірді. Өз кезегінде, оның еншілес мекемесі Calik Energy қуаты 50 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырмақшы.

Dal Holding-пен өткен кездесуде Ақтөбе облысындағы газ-электр станцияларының есебінен электр, жылу және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етілетін жылыжай кешенінің жобасы, сондай-ақ, Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 75 000 тоннаны құрайтын баритті концентрат өндірісі бойынша тау-кен-байыту комбинатының құрылысы мен іске қосу жөніндегі жобаны іске асыру талқыланды.

Сондай-ақ, инвестициялық апта аясында Dal Holding, Calik Holding, Eczacıbaşı Holding, Yildirim Holding, Bak-Ay Tekstil, Betek Boya Kimya, Merkez Asya Madencilik, Yasar Holding, Petronet Holding, Yildizlar SSS Holding, Anadolu Birlik Holding, Sanko Holding, Matli Holding, Tarim Kredi Holding, Abdi Ibrahim, MLPCare Holding және т.б. компания басшыларымен кездесу өтті.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/bolee_30_vstrech_s_turetskimi_predprinimatelyami_proshlo_v_ramkah_investitsionnoi_nedeli1