Қазақстан мен Канада бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады
2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабікеновтың Қазақстан Республикасындағы Канада Елшісі Николас Бруссомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар сауда мен инвестициялар, инновациялар, жер қойнауын пайдалану және тау-кен металлургиясы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Вице-министр Арыстан Қабікенов Канада Қазақстанның Солтүстік Америкадағы стратегиялық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Ол, сондай-ақ, Қазақстан экономикасына канадалық инвестициялардың өскенін атап өтіп, алдағы уақытта сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына, ортақ қызығушылықты білдіретін салалардағы өзара ынтымақтастықтың кеңеюіне ниеттестігін білдірді.
Анықтама үшін:
2005 жыл мен 2017 жыл аралығындағы кезеңде Канададан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 4,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Елші Николя Бруссо екіжақты және көпжақты іс-шаралар өткізу арқылы қарым-қатынастың тереңдеу маңыздылығын атап өтті. Жыл сайын өткізілетін «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесі бизнес байланыстарды қалыптастырудың тиімді алаңдарының бірі болып табылады.
Тараптар ТМК, жаңа технологиялар, жер қойнауын пайдалану секілді салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады және бірлескен іс-шаралар өткізуге өзара қызығушылық танытты.
Кездесу аяқталған соң тараптар өткізілген сұхбаттасуға ризащылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Канада арасындағы қарым-қатынастың алдағы дамуының маңыздылығына назар аударды.