• Мобильді үстемені жүктеу

2018 жылы шетелдік инвестициялардың қатысуымен 67 жобаның құрылысы басталмақ

Бүгін ҚР Үкіметінде пресс-конференция барысында «KazakhInvest» Басқармасының төрағасы Сапарбек Туякбаев 2018 жылы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша аралық қорытындыларды мәлімдеді. 

2018 жылы шетелдік инвесторлармен бірге «KazakhInvest» қолдауымен сомасы 7,1 млрд. АҚШ долларына 13,5 мың жұмыс орнын құру арқылы 67 жобаның құрылысын бастау жоспарлануда.

I-ші тоқсанның өзінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 539 млн. АҚШ долларына 6 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Аталған жобаларды іске асыру 600-ден аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Негізгі жобалардың бірі - құны 15 млн. АҚШ долларын құрайтын Алматы облысындағы «Хоргос – Восточные Ворота» АЭА-на PhoenixCommodities (БАӘ) ұлтаралық компаниясының өндірісі. 

«KazakhInvest» «Deloitte» компаниясымен бірге әзірленген 50 нақты «тауашалы» жобаларға инвестицияларды тартуға шоғырландырылған, олар бойынша бизнес-жобалар, маркетингілік зерттеулер бар және оларды жүзеге асыру шарттары белгіленген.

«Ұлтаралық компанияларды тарту – бұл келіссөздер мен тұсаукесерлер ғана емес. Алдымен дайындық жұмыстары жүргізіледі, себебі қаражат жұмсалатын нақты жобалар қажет. Біз қазір 50 жаңа жоба дайындадық. Олардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке нысаналы компанияларды дайындадық. Осы тізімді Елшілерге және шетелдегі өкілдерге жібердік», – деп айтып өтті СапарбекТуяқбаев.

Сонымен қатар, ҰАК қазақстандық жобаларына қатысу үшін жергілікті компаниялармен серіктестік қажет. Қазіргі уақытта қазақстандық консалтингтік компаниялармен ынтымақтастық бойынша «Атамекен» КҰП 100 әлеуетті жергілікті серіктестердің ішінен тізім дайындалды. Негізінен алғанда бұл компаниялар тамақ өнеркәсібі, АӨК, машина жасау, фармацевтика және мұнай-химия салалары.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/v_2018_godu_nachnetsya_stroitelstvo_67_proektov_s_uchastiem_inostrannih_investitsii