• Мобильді үстемені жүктеу

Швейцарияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады

28 ақпан күні Астана қаласында«KazakhInvest» Басқарма Төрағасы Марат Бірімжанның Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид мырзамен кездесуі өтті. 

Кездесу барысында екі елдің жалпы экономикалық өзара әрекеттесуін қоса, екі жақты ынтымақтастықтың бір қатар сұрақтары, сонымен бірге, ағымдағы жылы инвестициялық шараларға бірлескен қатысу талқыланды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Швейцарияның Винтертур қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру жоспарланған. Одан басқа, Швейцариядағы ҚР Елшілігінің, «KazakhInvest» және швейцариялық бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел аясында кейінгі екі жақты ынтымақтастықты талқылау өтеді. 

Сондай-ақ кездесу кезінде 2018 жылдың шілдесінде Швейцарияның Экономика министрі Шнайдер-Амман мырзаның басшылығымен бизнес топтар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің алдағы сапарына дайындық аясында «KazakhInvest» көмегіне қатысты кейінгі қадамдар талқыланады.

Өз кезегінде, М.Бірімжан екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын жалғастыру мен швейцариялық компаниялардың Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыруына қызығушылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.  

http://invest.gov.kz/ru/news/v_shveitsarii_v_aprele_budut_prezentovani_investvozmozhnosti_kazahstana