«KazakhInvest» Ресей Инвестициялық форумының жұмысына қатысты
«KazakhInvest» Басқарушы директоры Жандос Нұрланов Сочи қаласында 15-16 ақпанда өткен Ресей Инвестициялық Форумының жұмысына қатысты.
Ресей инвестициялық форумының алаңында Ж.Нұрлановтың «Российский экспортный центр» АҚ-ның атқарушы директоры А.Тюпановпен және Омбы облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы А.Бурковпен кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланып, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, металлургия, химия мен мұнай химиясы және басқа басым салалардағы ресейлік компаниялармен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға септігін тигізетін бір қатар құжаттарға қол қойылды.
Сондай-ақ, «СИБУР Холдинг» ЖАҚ маркетинг жөніндегі директоры С.Жидкихпен кездесу өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының аумағында мұнай химиясы саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Анықтама ретінде: Ресей Инвестициялық Форумы – Ресейдің инвестициялық және экономикалық әлеуетімен таныстыруға арналған алаң. 2017 жылы форум жұмысына әлемнің 37 елінен 4,5 мыңнан артық адам қатысты. Форум өрістерінде 41 іскерлік шара өткізілді, көрме жобаларының ауданы 10 мың ш. м. құрады.
Фотосурет дереккөзі: «Российский экспортный центр» АҚ және Омбы облысы Үкіметінің баспасөз қызметі