• Мобильді үстемені жүктеу

«KAZAKH INVEST» кореялық бизнесмендермен кездесу өткізеді

Ақпан айында Астанада Қазақстанда жұмыс істейтін Оңтүстік Корея инвесторларымен кездесу өтеді. Іс-шарада республикадағы бизнесті жүргізу жағдайын жақсартудың өзекті мәселелері қаралады.

Ол туралы «KazakhInvest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ким Дэсик Астанадағы кездесу кезінде келісті.

Одан басқа, елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты белсендету мақсатында көктемде Сеулде Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі өтеді. «KazakhInvest» басым инвестициялық жобалармен, сонымен қатар, қолдаудың заңды шаралары мен ұлттық компания тарапынан әкімшілік сүйемелдеуді қоса, Қазақстанның қабылданған Ұлттық инвестстратегиясына сәйкес қолдау құралдарымен таныстырады. 

Өз кезегінде, Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі елге инвестиция жұмсауға мүдделі Оңтүстік Кореяның перспективалы компанияларын отырысқа шақыруға көмектеседі, деп атап өтті Елші Ким Дэсик. 

Кездесу барысында Сапарбек Тұяқбаев және Ким Дэсик мұнай химиясы, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы жобаларды бірлескен іске асыруды талқылады. 

Бірлескен әлеуетті жобалардың бірі – Атырау облысында біріктірілген газ-химия кешенін салу. Осы жобаны жүзеге асыруға Оңтүстік Кореяда 18 жеке зауыты және шетелде 52 филиалы бар, ірі ауқымды энергетикалық және мұнай-химиялық зауытты басқаратын «HanwhaTotalPetrochemical» компаниясы қызығушылық білдірді.

Анықтама: Корея инвестиция тарту мақсатындағы Қазақстан үшін басым 11 ел тізіміне кіреді. 2005 жылдан бастап 2017  жылдың I жарты жылына дейінгің кезең ішінде  Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны 4 570,7 млн АҚШ долл. құрады. 

http://invest.gov.kz/ru/news/kazakh_invest_provedet_vstrechu_s_koreiskimi_biznesmenami