• Мобильді үстемені жүктеу

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанда қалыптасқан инвестициялық ахуалды жоғары бағалады

13 қарашада Франкфурт-на-Майнеде Германиядағы Қазақстан экономика апталығы басталған болатын. Шара осы жылдың шілде айында Астана қаласында Қазақстан мен Германияның мемлекет басшыларының арасында қол жеткізген сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кең ауқымда арттыру туралы уағдаластықты іске асыру мақсатында жүргізіліп отыр.

Іс-шараның бірінші күні ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бастаған қазақстандық делегация PossehlSpezialbauGmbH және Baumann компанияларының атқарушы директорлары Оттмар Ринхофф-Гембуспен және Райнер Байманнмен кездесулер өткізді. Кездесу барысында немістің озық технологияларын енгізу арқылы ет өңдеу және Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты тақырыпта Германияның іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел болып өтті. Атап айтқанда, Bilfinger, SAP, BASF, Evonik, Thyssen-Krupp сияқты және тағы басқа да белгілі компаниялар басшылығы неміс тарапынан таныстырылды.

Кездесу қазақстандық-германия Іскерлік кеңесінің Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бастамасы бойынша Шығыс-еуропа елдерінің OMV  қауымдастығының және Deutsche Bank AG банкінің қолдауымен ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Инвестициялар және даму министрлігінің, «Казахинвест» ҰК, «Атамекен» ҰКП, ҚР Сыртқы сауда палатасы және «Казтемиртранс» АҚ өкілдері кірді.

Іс-шара барысында неміс қатысушылары Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы мәнмәтінінде еуразиялық перспективалар мен Жібек жолы жобасы аясындағы өзара қарым-қатынастың кең мүмкіндіктерінен хабардар етілді. Қазақстандағы жағымды инвестициялық ахуалға, транзиттік-көлік секторындағы бірлескен жобаларға, жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына неміс компанияларының қатысу мүмкіншіліктеріне, сондай-ақ Үшінші өнеркәсіптік революция және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында неміс технологияларының трансфертін жүзеге асыруына қатысуға ерекше көңіл аударылды.

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанда қалыптасқан инвестициялық ахуалды жоғары бағалады, сондай-ақ индустриаландыру бағдарламасы аясында өздерінің ағымдағы жобалары мен жаңа жоспарлары туралы хабарлады.

Германияның бірқатар ірі қалаларындағы екі елдің іскер топтарының тұсаукесерлері және кездесулерімен «Қазақстандық экономика аптасы» ағымдағы жылдың 16 қарашасына дейін жалғасады және германия экономикасының Шығыс комитеті төрағасы Вольфганг Бюхеленің осы жылдың желтоқсанында Астана қаласына алғашқы сапарының дайындық кезеңі болып саналады. 

http://mid.gov.kz/ru/news/predstaviteli-nemeckogo-biznesa-vysoko-ocenili-slozhivshiysya-investicionnyy-klimat-v