• Мобильді үстемені жүктеу

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ

Токио қаласында «Қазақстанның өңірлері: Жапондық Инвестициялар үшін жаңа белестер» Қазақстан-Жапон бизнес-форумы өтті. Форум ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен Жапониядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров бастаған қазақстандық делегация құрамына ҚР үкіметінің, инвестициялар және даму министрлігінің, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер кірді.

Форум қатысушылары Қазақстан-Жапон іскерлік қатынастары саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, қазақстандық өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін, Қазақстанның инвестициялық саясатының мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастардың даму перспективаларын талқылады.

ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаиров өз сөзінде Жапония Шығыс Азияда Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елдеріміздің арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген.

«Бізде Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Одан басқа, жапондық азаматтар үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Қазақстан мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Осы шаралардың барлығы іскерлік байланыстардың артып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі 5,5 млрд.АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Е. Хаиров..

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі 250 млрд. АҚШ долларынан асты.

Сонымен бірге, вице-министр биыл Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартумен айналысатын Kazakh Invest ұлттық компаниясының құрылғандығын атап өтті. Аталмыш компания «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың ойлап табылғаннан бастап жүзеге асырылғанға дейін  оларға ілесу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының жұмысын бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет ететін болады.

«Жапония технология жағынан неғұрлым дамыған ұлт болып табылатыны сөзсіз. Біздің еліміз Жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жоғары қызығушылық танытады. Бүгінгі бизнес-форум тікелей инвестицияларды Қазақстан өңірлеріне тартуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз», - дейді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов.

Форум жұмысына Жапонияның саяси және қоғамдық қайраткерлері, дипломаттары, сарапшылары, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т.б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға қатысқан жапондық компаниялар автомобиль жасау, авиация, космонавтика, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдаулары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды.

Одан басқа, Форум барысында қазақстандық тараптың өкілдері көпқабаттық көлік тұрақтары құрылысымен айналысатын NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ бірқатар басқа бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізуде.

Қазақстандық делегациясы сапарының бағдарламасында сондай-ақ Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытына, «Mitsubishi Materials» корпорациясына, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясына және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларға бару жоспарланған.

Сондай-ақ, сапар барысында тау-металлургиялық кешенді дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапондық ұлттық корпорациясында жеке шағын форум және семинар өткізу жоспарланған.

Форумның қорытындылары бойынша облыстық әкімдіктердің Tokio Rope компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум және екі елдің ынтымақтастығы жөніндегі басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Анықтама үшін:

2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қазақстанда жапондық қатысумен 53 өкілдік әрекет етеді. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 мрд. АҚШ долларын құрады

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-yaponiya-novye-perspektivy-sotrudnichestva