• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан Дүниежүзілік банк Форумында «Ұлттық инвестициялық стратегияны» ұсынды

Вена қаласында (Австрия Республикасы) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы вице-министр Ерлан Хаировтың басшылығымен Дүниежүзілік банктің Инвестициялық бәсекеге қабілеттілік форумына қатысады.

Форум халықаралық қауымдастыққа Қазақстандағы инвестициялық климатты реформалау бойынша қабылданған табысты шаралар туралы және «Ұлттық инвестициялық стратегия» аясында жоспарланған алдағы реформаларды мәлімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Форум алаңында вице-министр Ерлан Хаировтың шет елдердің және халықаралық ұйым өкілдерімен екі жақты кездесуі өтті.

ЮНИДО-ның саясат және қолдау бағдарламалары дирекциясының басқарушы директоры Фату Хайдармен кездесті. Кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ЮНИДО-ның қазақстандық бағдарламаларын сараптау, болашақта атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Австрияның WKO (Австрия Федералды экономикалық палатасымен)  кездесуде пікір алмасты, оның барысында вице-министр инвесторларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен, қабылданған инвестициялық стратегиямен, жекешелендіру жоспарларымен, АХҚО-ң ашылуы бойынша хабардар етті.

Австрия тарапы австриялық компаниялардың технологияларымен таныстырды, көлік инфрақұрылымын дамыту, ақылды қалаларды дамыту, сондай-ақ, жаңа технологиялар саласындағы өз қызметтерін ұсынды.

Сонымен қатар, Мьянма, Кения, Тунис, Гана, Грузия және Моңғолия өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді, олардың барысында ЭЫДҰ тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, шетелдік делегаттарға Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-predstavil-nacionalnuyu-investicionnuyu-strategiyu-na-forume-vsemirnogo-banka