• Мобильді үстемені жүктеу

AktobeInvest 2017 форумында 209 млрд теңгеге 11 меморандумға қол қойылды

Ақтөбеде жел генераторлары құрастырылып, селитра өндірілетін болады. Инвесторлармен мұндай келісімге AktobeInvest 2017 халықаралық форумының аясында қол жеткізілді.

Қаржы серіктестері аймақта қатарынан бесінші жыл кездесуде. Олар Ақтөбеде бизнесті дамыту үшін жақсы жағдайлар бар екені туралы ортақ пікірде. Осы жолы әлемнің 20 елінен делегациялар келді.

Германядан келген инвестор аймақ экономикасына 84 млн еуро жұмсайды. Индустриялық аймақта ол жел генераторларын өндіру бойынша зауыт салады. Еуропалық технологияларды пайдаланумен, ол жерде жылына 150 қондырғы құрастырылатын болады. Оларды жергілікті нарыққа, сонымен қатар, Ресейге, Иранға және Әзірбайжанға экспортқа жеткізу жоспарлануда.

Михаэль Паульз, компанияның бас директоры /Германия/:

 - Инвестициялар жұмсау бастылды. Құрылысқа 21 млн дейін жұмсалады. Келесі жылы - 30 млн және солайша 84 млн дейін. Шындығын айтқанда, мемлекет өте жақсы қолдау көрсетеді: кеден алымынан, көптеген салық түрлерінен босатады, заттай гранттар ұсынады, атайтын қолдау шаралары жеткілікті.

Жағымды инвестициялық климат – Ақтөбеге ондаған шетел компанияларын тартатыны осы. Ең үмітті инвестжобалар дәстүрлі түрде көрмеде ұсынылды. Олардың арасында – қоңыр көмір кен орындарын, Темір ауданындағы титан-цирконий кеніштерін игеру, тау-кен-металлургиялық кешенді, цемент және электр болатын балқыту зауыттарын салу. Инвестициялық ынтымақтастыққа Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі холдингтерінің бірі қызығушылық танытты.

Мухамед Аль-Таннир, «Аль Масуд» компаниялар тобының бас директоры /БАӘ/:

 - Мен Ақтөбе аймағының әлеуетін бұрыннан білемін және онымен толығырақ танысу үшін арнайы келдім. Біздің компанияны мұнай және газ саласындағы арнайы жобалар қызықтырады. Мен көптеген кәсіпорындармен танысып, директорлар кеңесімен талқыланатын жобаларды белгілеп қойдым. Кейінгі серіктестікке үміттенемін.

Сонымен бірге, әлеуетті инвесторларға Ақтөбе кәсіпорындарында енгізілетін EXPO 2017 көрмесінің жаңа технологиялары ұсынылды. Аймақ басшылығы экономиканың шикізаттық емес секторларындағы ұзақ уақытты қаржыландыруға және аймақтың «жасыл» экономикасына жаңа шетелдік инвесторларды жұмылдыруға үміттенеді.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкісі:

 - Экологиялық проблемалардың, әсіресе, дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалануға қатысты проблемалардың мәні зор. EXPO 2017 жұмысында кәсіпорындар мен компаниялар жетекшілері 128 млн доллар сомасына 20 жобаны іріктеді. Қазір біз осы жобаларды облысымызда қолдану бойынша жұмыс жүргізудеміз.

ерік Ахметалин, Ақтөбе полиэтилен құбырлар зауытының директоры:

 - EXPO 2017 көрмесіне барып, біз Германия, Австралия тәрізді шетелдік мемлекеттердің газотурбиналық станцияны орнату бойынша тәжірибесінен үлгі алдық, оның арқасында шығындарды үш есе қысқартуға болады. Біз ЖСҚ жасап, жобаны 2-3 жыл ішінде іске асыруды жоспарлаудамыз.

Форумда құны 209 млрд теңгені құрайтын 11 меморандумға қол қойылды. Олардың арасында Ақтөбе және Қостанай облыстарының арасындағы ынтымақтастық және өнеркәсіптік кооперация, селитра мен карбамид өндіру зауытын салу және фармацевтикалық өндірісті ашу. Одан басқа, Орынбор облысымен ынтымақтастық жалғасады.  Жергілікті өндіруші Ресей Федерациясына ет жеткізу бойынша меморандум жасады. Италиямен екі жақты байланысты кеңейту мақсаттарында Ақтөбеде осы мемлекет Елшілігінің өкілдігі ашылады.

Ақпарат дереккөзі: http://24.kz/ru/news/economyc/item/201151-na-aktobe-invest-2017-podpisano-11-memorandumov-na-summu-209-mlrd-tenge