• Мобильді үстемені жүктеу

Новосибирскте Ресей-Қазақстан бизнес-форумы басталды

Бүгін Новосибирскте «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы Новосибирск қаласының сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырған, қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы өтуде.

Азық-түлік, құрылыс материалдары, мата, машина жасау, химия, фармацевтика, металлургия өнімдерінің және IT-қызметтердің 25 кәсіпорны Новосибирск облысының көтерме-сатып алу және дистрибьюторлық компанияларымен осы аймаққа мүмкін тауар жеткізу туралы келіссөз жүргізеді. Осымен қатар, мемлекеттік органдарда қазақстандық компаниялардың Новосибирск облысының мемлекеттік сатып алуларына қатысуына қатысты кездесулер жүргізіледі.

2015 жылдан бастап Новосибирск қаласында қазақстандық өнімді Ресей Федерациясының нарығына жылжытумен айналысатын KAZAKHINVEST өкілдігінің қызмет ететінін атап кеткен жөн.

Бүгінгі күні бұл KAZAKHINVEST Новосибирск қаласында өткізген бесінші ұқсас шара. Өткен сауда миссияларының қорытындылары бойынша 94 млн. АҚШ долларынан артық сомаға келісімшарттар жасалды.

2017 жылдың 1 жартысының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 7,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 2016 жылдың 1 жартысының көрсеткішімен салыстырғанда 34% жоғары.

KAZAKHINVEST Ресей Федерациясындағы бас өкілі Сәбит Нарбаев: «Ресей Федерациясы Қазақстанның басты сауда серіктестігі. Новосибирск қаласындағы өкілдік қазақстандық өндірушілерді жеке сұраулар бойынша қолдау, яғни, салықтармен, жергілікті атқарушы органдармен, тауар белгілерін тіркеумен және өкілдіктерді, сауда үйлерінің қоймаларын ашумен байланысты мәселелерді шешу мақсатында құрылды. Біз Ресей Федерациясының нарығын белсенді нысаналауды жалғастырудамыз. Жыл соңына дейін Татарстан Республикасында (Қазан қ.) сауда миссиясын өткіземіз».

Осы жылы KAZAKHINVEST Ресей Федерациясында (Қазан қ.), Өзбекстанда (Ташкент қ.), Моңғолияда (Ұлан-Батыр қ.) және Қытай Халық Республикасында (Үрімші қ.) сауда миссиясын өткізуді және өнімді ұсынуды жоспарлауда.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың 1 жартысы

Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың 1 жартысы қорытындылары бойынша 7,4 млрд АҚШ долларын құрады, ол 2016 жылдың 1 жартысының көрсеткішімен салыстырғанда 34% жоғары. Қазақстаннан Ресейге экспорттау 37% өсіп, 2,2 млрд АҚШ долларын құрады (жалпақ прокат жеткізілімдерін 183,8-ден 448,2 млн АҚШ долларына дейін арттыру, темір кендерін 169,4-тен 244,5 млн АҚШ долларына дейін арттыру және т.б. есебінен).

 

Қазақстанға Ресейден импорттау 5,2 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 2016 жылдың 1 жартысының көрсеткішімен салыстырғанда 33% жоғары  (мұнай өнімдерін, көмірден жасалған коксты, темір шыбықтарды, пайдалы қазбаларды өңдеуге арналған жабдықты және басқаларды жеткізу артты).

Қосымша ақпарат алу үшін Коммуникациялар жөніндегі департаментке хабарласуыңызды сұраймыз: тел 8 7172 620 554, email pr@invest.gov.kz.

«KazakhInvest» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – KAZAKHINVEST) Қазақстан Республикасына инвестиция тарту жөніндегі ұлттық агенттік болып табылады. KAZAKHINVEST «бір терезе» қағидасы бойынша инвестициялық жобаларды идеясынан бастап іске асыруға дейін сүйемелдеу қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аумақтары бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет етеді. KAZAKHINVEST инвестициялық жобаларды іске асыру болашағы мен шарттарын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін білдіретін бірыңғай келіссөз жүргізуші қызметін атқарады.  Шетелде өкілдер желісі бар.

http://invest.gov.kz/ru/news/v-novosibirske-startoval-biznes-forum-rossiya-kazahstan/