• Мобильді үстемені жүктеу

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ ЕКІНШІ БАСЫМДЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасының пресс-орталығының алаңында елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының «Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» атты екінші басымдығын жүзеге асыру жөнінде пресс-конференция өтті.

Спикерлер ретінде ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары Біржан Канешев және Нұрсұлтан Жиенбаев қатысты.

KAZAKH INVEST Басқармасының төрағасының орынбасары Біржан Канешев  Қазақстанның инвестициялық климаты, ұлттық компанияның шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қызметі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының инвестицияларды тарту және ұстап қалу жөніндегі қызметі туралы айтып берді:

- Стратегия Үкіметтің Қазақстандағы ТШИ әртараптандыру жөніндегі  Бағдарламасынан және тиімділікті арттыруға бағытталған, жоғары қосымша құны бар инвестициялар үлесін арттырудан тұрады. Стратегия мақсаты - мемлекетті жаңғыртуға және экономикалық өсуін қамтамасыз етуге арналған сапалырақ тікелей шетелдік инвестицияларды көбірек тарту. 

Нұрсұлтан Жиенбаев өз кезегінде ұлттық компанияларды инвесторларды тартуда қолданылатын жаңа әдістер туралы айтып өтті. Жұмыс сатылы түрде жүргізіледі: экономиканың басымдығы мол салалары мен басымдығы көп елдер анықталды, ықтимал инвестициялық жобаларды іріктеуге және талдауға арналған салалық жұмыс топтары құрылды, ықтимал инвесторларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, оларға дайындалған инвестициялық ұсыныстар берілетін болады:

- Әрбір салалық топ жоба аймақта жүзеге асырылғанға дейін, инвесторды толықтай сүйемелдейтін болады. Сонымен байланысты, әрбір жобаның жүзеге асырылу жолын бақылауға мүмкіндік беретін және жобалардың сапалы өңделуінсіз шығарылуына жол бермейтін инвестициялық жобаларды ақпараттық - бақылау жүйесі енгізілген. 

Ертерек аталып өткендей, KAZAKH INVEST инвестицияларды тарту бойынша қызметті нығайтады. Компания шетелдік бизнес-қауымдастықпен белсенді ынтымақтастықта, қазіргі таңда бірқатар ірі жобалар жасалып, жүзеге асырылуда.   

http://invest.gov.kz/ru/news/press-konferenciya-o-realizacii-vtorogo-prioriteta-poslaniya-glavy-gosudarstva/