• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық инвестициялық стратегияны бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия бекітілді. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек атап өткендей, стратегияның негізгі мақсаты жағымды инвестициялық климат құру және тиімділікті жоғарылатуға бағытталған инвестицияларды тарту болып табылады.

«Стратегияны табысты іске асыру жағдайында, бес жыл ішінде 2016 жылдың деңгейіне қатысты экономикаға тікелей инвестициялардың жалпы құйылымының кезең-кезеңмен 26% дейін, ал тиімділікті жоғарылатуға бағытталған, яғни, экспортқа бағытталған инвестициялар - 50% дейін өсуі жоспарлануда. Сонымен бірге, ішкі инвестициялар көлемінің өсуі күтілуде, солайша, шикізаттық емес сектордың меншікті капиталына құйылатын инвестициялар көлемі 46% артады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Министрлік Әлемдік банкпен бірге тиімділікті жоғарылатуға бағытталған жаңа инвестицияларды тарту ең табысты болып табылатын басым салаларды анықтады. Бұл салалар екі топқа бөлінген.

«Бірінші – «қазір әлеуеті бар салалар», яғни тамақ өнеркәсібі, мұнай-газ және пайдалы қазбаларды тереңдетілген өңдеу және машина жасау. Бұл топ қысқамерзімді немесе ортамерзімді келешекте тиімділікті арттыруға бағытталған тікелей шетелдік инвестицияны ілгерілету мүмкіндігі жоғары салалардан тұрады. Екінші – «перспективалы»: АКТ, туризм және қаржы секілді ұзақмерзімді келешекте инвесторларды қызықтыруы мүмкін салалардан тұрады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Жалпы стратегияны іске асыру инвестициялар саласын түбегейлі реформалауға, инвестициялар ағынын өсіруге мүмкіндік береді және елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етеді.

Стратегияға сәйкес 2022 жылға қарай келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізіледі:

1)    ТШИ жалпы құйылымы 126% артады.

2)    ТШИ жалпы құйылымының ЖІӨ қатысты қатынасы 2022 жылы 19% дейін артады

2)    Тиімділікті жоғарылатуға бағытталған ТШИ (ТШИ өңдеу өнеркәсібіне жалпы құйылымы) 1,5 есе артады;

3)    Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюджеттен басқа) 1,46 есе артады;

4) Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есе артады.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің баяндамасына сілтеме

http://mid.gov.kz/ru/news/pravitelstvom-respubliki-kazahstan-utverzhdena-nacionalnaya-investicionnaya-strategiya