KazakhInvest Қазақстанда 147 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті қызметтерді көрсетуде
Бүгінгі күні «KazakhInvest» ҰК Қазақстанда 147 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті қызметтерді көрсетуде.
Ол туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
Ж. Қасымбек Ұлттық инвестициялық стратегияның қызмет етуінің маңызды бағыттарының бірі барлық проблемаларды аймақтық және орталық деңгейлерде шешу үшін, инвесторларға арналған "бір терезенің" жұмысы істеуі болып табылатынын хабарлады. Мұндай "терезе" бүгінде KazakhInvest компаниясы болып табылады.
«Бұл ұлттық компания инвесторлармен есіктен есікке дейін жұмыс істейтін болады. Яғни, ол инвесторды қарсы алады, оны қажетті нормативті, заңды немесе басқа сүйемелдеумен толық қамтамасыз етеді және іс жүзінде бұл жобаны іске асыру кезеңінде де кейін сүйемелдейтін болады», - деді Жеңіс Қасымбек.
Министр инвесторлар көбінесе рұқсат беруші құжаттарды алу, тексерулерден өту және жергілікті аймақтық органдармен жұмыс істеу кезінде проблемаларға тап болатынын атап өтті.
«Сондықтан, KazakhInvest басқа бізде инвестициялық омбудсмен тәрізді институт бар, ол - инвестициялар және даму министрі. Біз тұрақты түрде үш жақты кездесулер өткіземіз, демек, егер инвестордан шағым немесе қандай да бір өтініш келіп түссе, біз оны және сұрақтар туындаған тарапты министрлікке шақырамыз. Үш жақты форматта оларды шешуге тырысамыз», – деп түсіндірді Ж. Қасымбек.
Жалпы, ол бүгінгі күні KazakhInvest 147 жобамен жұмыс істейтінін және барлық туындайтын сұрақтарды шешу бөлігінде инвесторларды сүйемелдеумен айналысатынын атап өтті.
Ақпарат дереккөзі: http://24.kz/ru/news/economyc/item/191579-kazakh-invest-okazyvaet-vse-neobkhodimye-uslugi-po-realizatsii-147-investitsionnykh-proektov-v-kazakhstane