• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ 100 КҮНДІК ЖҰМЫСЫ

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігінің құрамына кіретін, шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмыс істейтін "KAZAKH INVEST" ұлттық операторының жұмыс бастағандарына алғашқы жүз күн өтті.

 

Сол себептен, компания басшылығы алғашқы 100 күн бойынша атқарылған жұмыстар туралы Астана қаласында баспасөз брифингін өткізді. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев атап өтті:

 

- "KAZAKH INVEST" компаниясының алғашқы 100 күн жұмысы барысында біз талдау өткізіп, елдегі инвестициялық ахуалды нақтылап, "бір терезе" қағидаты бойынша компания функционалын ескере отырып, инвесторлармен жұмыс істейтін нақты басым елдер тізімін анықтадық. Сондай-ақ, біз компанияның кейбір ішкі процестерін түзеттік. Біз алдымызға қойылған міндеттеріміздің маңыздылығын ескере отырып, инвесторларды жан-жақты қолдау жұмысында жоғары халықаралық сапа стандарттарын ұстанамыз.

 

100 күн жұмыс ішінде шетелдік инвесторлармен бизнес-жобаларды ашу бойынша 90 кездесулер өткізілді. Кездесулер Қазақстан экономикасының басым секторларында инвестицияларды құюға қатысты өткізілді: машина жасау, фармацевтика, химия және мұнай-химия, агроөнеркәсіп секторы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі. Шетелдік компаниялармен 22 ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде 6 ТҰК: Yildizlar SSS Holding (Түркия, энергетика) және түркиялық MadenCilik/Calik Holding (Түркия, тау-кен металлургия кешені), S2 Global (АҚШ, машина жасау), AIAC (США, машиностроение), Metallwarenfabrik GmbH (АҚШ, тау-кен металлургия кешені), Linde Group (Германия, химия саласы), Ferrostaal (Германия, машина жасау). Қазақстанда өз бизнесін жүргізуге деген қызығушылық, американдық, британдық, неміс, испан, қытай, түркия инвесторлары білдірді. Олардың ішінде: Campofrio (Испания, мал шаруашылығы), Gruma (Мексика, тамақ өнеркәсібі), AGOMED (Польша, фармацевтика), Building and Construction Authority (Сингапур, инфрақұрылым), және түркиялық Madencilik (Түркия, ГМК), Grupo Cobra (Испания, энергетика, инфрақұрылым).

"KAZAKH INVEST" компаниясының шетелдік өкілдері есепті кезеңде әлеуетті инвесторлармен 160-тан астам кездесулер мен келіссөздер өткізді. Олардың ішінде: АҚШ, Қытай, Түркия, Канада, Бразилия, Мексика, соның ішінде 33 ТҰК (трансұлттық компания) басшылығымен. Қазақстанға американдық, түрік және қытай ТҰК өкілдерінің сапарлары ұйымдастырылды. Олардың нәтижесі болып меморандумдарға қол қойылып, инвестициялау туралы шешімдер қабылдау болып табылады. Мысалы, жақын арада Қазақстанда түрік бизнесінің жобаларының іске қосылуы жоспарланып отыр: Agrobest Group – Алматы қ. пестецид және гербецид өндірісі, Оңтүстік Қазақстан облысында Ufuk Tarım - химиялық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі, Оңтүстік Қазақстан облысында Volkan Ambalaj - картон қаптамалар өндірісі, Ақтау қаласында Play Park – балалар ойын орталығы. Көрсетілген жобалар бойынша инвестициялардың жоспарланған көлемі шамамен 36 млн. АҚШ долл., болашақта 300-ге жуық жұмыс орны ашылады.

2017 жылдың соңына дейін және 2018 жылға құны 7,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 16 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланды. 7 жоба, 3 инвестициялық келісім-шарттар (МЖС/АЭА) қорытындысы техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту жоспарланған, 11 жоба бойынша 7 салада құрылыс жұмыстары басталады: химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-химия, металлургия, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, энергетика.

Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін 6 реинвестициалық жобалардың іске қосылуы жоспарланған, мысалы, ALSTOM (Франция, трансформаторлар шығару), NYK Line (Жапония, құрылысы, автомобиль терминал), Heidelberg Cement (Германия, цемент өндірісі), Gold Aluminum (Түркия, алюминий профильдерін өндіру), ULKER (Түркия, кондитерлік өнімдер өндірісі), Kelun (Қытай, сояны қайта өңдеу,).

Өңірлерде инвесторларды айтарлықтай қолдау бойынша жұмыстар атқарылды. 10 шілде күні 16 өңірлік директор және олардың 14 орынбасарлары тағайындалды (өңірлік директор облыс Әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарады). Өңірлік директорлардың және олардың орынбасарларының басты міндеттері: шетелдік инвесторларды жергілікті жерде сүйемелдеу және қолдау және мүдделерін қорғау болып табылады.

Бүгінде "KAZAKH INVEST" компаниясының өңірлік өкілдері инвесторлардың өзекті мәселелерін өңірлер әкімдерінің деңгейіне дейін жедел көтеру өкілеттілігіне ие, бұл инвесторларға жәрдем көрсетуге және бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде "KAZAKH INVEST" компаниясының аймақтық бөлімі өңірлерді зерттеу үшін және шетелдік инвестицияларды тарту үшін сапарлары жүзеге асырылды.

1 сәуір мен 11 шілде аралығында компанияның өңірлік бөлімімен 115 кездесу өткізілді және инвесторлардың 74 сұрағы қаралды, оның ішінде оң шешімін 22 мәселе тапты. Соның ішінде визалық қолдау бойынша өтініштер, лицензияларды алу мерзімдерін оңтайландыру, сертификатты ресімдеу, ШЖК тарту, өнімді өткізу, кедендік преференциялар, жер телімін рәсімдеу, газдандыру, инфрақұрылым. Қазіргі таңда тағы 52 мәселе жұмыс үстінде.

Қазақстандық экспортты сүйемелдеу, ілгерілету және дамыту саласында "KAZAKH INVEST" компаниясы қазақстандық бизнестің қатысуымен 146 қазақстандық және 600 шетелдік компанияларды қамтитын 10 елде 16 экспорттық іс-шара өткізді. 1 сәуір мен 11 шілде аралығында қол қойылған экспорттық келісімшарттар құны 95,4 млн. АҚШ долларын құрады (азық-түлік, құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар жасау, тыңайтқыштар, металлургия өнімдері, лак-бояу өнімдері). Сауда миссиялары өткен 10 ел (Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Беларусь, Ауғанстан Ислам Республикасы, Армения, Грузия).

 

Анықтамалық ақпарат:                                                  

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы* Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Шетелде өзіндік өкілдердің кең желісі бар.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «бір терезе» қағидасы бойынша инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық қызмет шоғырын қолдауды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіруші орталық ретінде әрекет жасайды.

*Казахстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес №100 01.03.2017ж. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

 

Баспасөз үшін байланыс: http://pr@invest.gov.kz , +77172620555