• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан және Швейцария екі жақты ынтымақтастықты күшейтуді көздеуде

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Швейцария Ұлттық банкінің Президенті Томас Йорданмен кездесті. Кездесу барысында "Жібек жолының экономикалық белдеуі" бағдарламасының аясында екі жақты өзара әрекеттесу, сауда-экономикалық серіктестік сұрақтары, сонымен қатар, инвестициялық ынтымақтастық болашағы талқыланды. Кездесу барысында аталып өткендей, 2016 жыл қорытындылары бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады (0,3% өсті). Екі тарап экспортты өзара жылжыту және бизнестің тікелей байланыстарын қамтамасыз ету арқылы оны кейінгі арттыруда қызығушылықты атап өтті.

Анықтама.

2005 жылдан бастап 2016 жылға дейін Швейцариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 16 млрд. АҚШ долл. құрады. 2017 жылдың 1 маусымына қатысты жағдай бойынша Қазақстанда швейцариялық қатысуы бар 443 заңды тұлға, филиал және өкілдіктер тіркелген, олардың 325 әрекет етеді.

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-shveycariya-namereny-usilit-dvustoronnee-sotrudnichestvo