• Мобильді үстемені жүктеу

20 астам отандық компания өз өнімін Тбилисиде ұсынды

Жаңа нарықты игеру және Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымын кеңейту. Осындай мақсатты Тбилисиде өткен бизнес-форум қатысушылары көздейді.

Өз өнімімен 20 артық отандық компания таныстырды.

Машина құрастыру, химиялық, тағамдық, металлургиялық және көптеген басқа салалар мамандары ынтымақтастық болашағы туралы грузиялық көтерме-сатып алу компанияларымен келіссөздер жүргізді.

Мейржан Майкенов, «KazakhInvest» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Сұрыпталым өте үлкен, бүгінгі күні Қазақстан грузиялық тұтынушыға ұсынуға дайын тауар номенклатурасы кең. Қазір біз бірнеше келіссөздер сатысын өткіздік, үлкен қызығушылық байқаудамыз. Бұл шарада біз жаңа келісім-шарттар жасауды жоспарлаудамыз, сәйкесінше, екі жақты сауданың кеңеюіне үлес қосамыз.

Андро Лабахуя, грузиялық супермаркеттер желісінің өкілі:

- Грузиялық компаниялар және қазақстандық өндірушілер, бұл өте қызықты және пайдалы кездесу. Қазақстандық өндірушілерге Грузия тек нарық ретінде ғана емес, Еуропаға шығу мүмкіндігін беретін платформа ретінде де қызық болуы мүмкін. Нақты уақыт режимінде мұнда байыпты бизнес-қатынастардың ретке келуін көруге болады.

Бұл Грузия астанасында өтіп жатқан бесінші ұқсас шара. Грузиялық және қазақстандық кәсіпкерлер арасында өткен сауда миссияларының қорытындылары бойынша жалпы сомасы 10 миллион долларға келісім-шарттар жасалды.

ҚР Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев:

- Мен сұхбат беріп жатқан кезде біздің бизнесмендер өте тиімді келісім-шарттарға қол қойып жатқандарына және грузиндердің қазақстандық бизнеске деген қызығушылығына қуанамын. Оларды "Қазақстанның экспорттық өнімі" кітабы таңдандырды. Қазақстандық бизнестің қазір қаншалықты алуан-түрлі өнімдердің шығаратынына өзім де таңғаламын.

Грузиядан басқа, осы жылы «KazakhInvest» отандық өндірушілердің өнімін Ресейде, Қытайда, Өзбекстанда және Моңғолияда ұсынуды жоспарлауда.

http://24.kz/m/ru/news/economyc/item/185518-bolee-20-otechestvennykh-kompanij-predstavili-svoyu-produktsiyu-v-tbilisi