• Мобильді үстемені жүктеу

Шетелдегі қазақтарға Қазақстанға белсенді инвестиция жұмсау ұсынылды

Бүгінгі күні бесінші Дүниежүзілік қазақтар құрылтайын өткізу аясында "Шетелдегі қазақтар диаспорасы: Қазақстанмен бизнес-серіктестік" дөңгелек үстелі өтті. Шараға ұлты қазақ шетелдік компаниялардың жетекшілері, кәсіпкерлері, ғалым-инноваторлары, шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдері, сонымен қатар, Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының жетекшілері, ұлттық компаниялары мен кәсіпкерлер өкілдері қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов дөңгелек үстел қатысушыларына Қазақстан елге инвестициялар тарту үшін іске асыратын шаралар туралы айтты. Олардың ішінде: бизнес жүргізу үшін рұқсат беретін құжаттар санын қысқарту, 61 ел үшін визасыз режимді енгізу, құрылыс және жер қойнауын пайдалану кезіндегі шараларды жеңілдету, шетелдік жұмыс күшін жұмылдыру.

«Қазақстанда 10 арнайы экономикалық және 20 индустриялық аумақ қызмет етеді, олардың аясында инвесторлар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және мемлекеттің қолдауын алады. Ол бір қатар салықтар мен кедендік баждардан босату, дайын инфрақұрылымның бар болуы. Басым жобаларды іске асыру үшін инвестициялық артықшылықтар, инновациялық гранттар ұсынылады, қаражаттандыру, жеңілдікті қаржыландыру және бизнес пен инвестицияларды дамытуға арналған мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері қарастырылған», - деп атап өтті Замир Сағынов.

         Оның айтуынша, қазақтар құрылтайын өткізу іскерлік байланыстардың дамуына түрткі беріп, бизнес-серіктестік үшін жаңа көкжиектерге жол ашады.

«Мен Қазақстандағы бизнеске арналған келешек және мүмкіндіктер Сіздерді қызықтырды деген үміттемін. Біздің дөңгелек үстел шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдерімен бизнесті жүргізу және өзара тиімді серіктестік мәселелерін талқылауға арналған алаңға және жақсы дәстүрге айналады деп ойлаймын», - деді ҚР ИДМ жауапты хатшысы қазақ диаспораларының бизнес өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Бесінші Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына 800 артық делегаттар мен қонақтар қатысуда, олардың ішінде 350 - Ресей, Қытай, Моңғолия, АҚШ, Ауғанстан, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Канада, Австралия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Латвия, Литва, Эстония, Украина және басқалар тәрізді әлемнің 39 елінен. Олардың арасында шығармашылық, ғылыми және педагогикалық зиялылар, бизнес, спорт, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар БАҚ өкілдері бар.

http://mid.gov.kz/ru/news/zarubezhnym-kazaham-predlozhili-aktivno-investirovat-v-kazahstan