• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Италияның бизнесмендері тығыз серіктестік орната алады

Ол үшін жағдай тудыруға ЕХРО B2B платформасы негізіндегі халықаралық көрменің корпоративтік павильонындағы кездесу кезінде кепілдік берілді.

Оған 60 компания қатысты. Ломбардия  аймағынан келген италиялық кәсіпкерлер мұнай-газ, механика, тұрмыстық техника, косметология және фармацевтика, мата тоқу, интерьер дизайны саласынағы жобаларын ұсынды.

Кездесуде Қазақстанды құрылыс, мұнай-газ, атом, темір жол, фармацевтикалық салаларының, сонымен қатар, денсаулық сақтау, авиация, мейрамхана және жиһаз бизнесінің ірі, шағын және орта компаниялары ұсынды. В2В келіссөздер барысында екі елдің кәсіпкерлері кейінгі ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сонымен қатар, Қазақстанның инвестициялық жобаларымен таныс болды.

Борис Рябуха, кәсіпкер:

- Мен шетелдіктер тарапынан біздің елге деген үлкен қызығушылықты байқадым. Көбі бізге келу үшін, нарығымызды зерттеу үшін арнайы дайындалдық дейді. Себебі біздің бизнес дамып келе жатыр және мемлекет инвестициялар, халықаралық компаниялардың келуі, халықаралық сауда-саттықтың дамуы үшін көп шаралар қабылдауда.

http://24.kz/m/ru/news/economyc/item/182852-biznesmeny-kazakhstana-i-italii-smogut-nalazhivat-bolee-tesnoe-partnerstvo