• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Қытай бірлескен тікелей инвестициялар қорын құра алады

Қазақстан мен Қытай бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру мәселесін қарастыруда.

Ол туралы ШЫҰ елдерінің іскерлік кеңесінің кезекті отырысында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтты. Оның сөздеріне қарағанда, қор қаражатын коммерциялық банктерде кредит ала алмаған кәсіпорындар пайдалана алады. Мұндай жағдайда қор үлестік қатысуға кіретін болады.

ШЫҰ кеңістігінде экономикалық ынтымақтастықты кеңейту - іскерлік кеңес отырысының басты тақырыбы. Оның төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, кеңес ШЫҰ банкаралық бірлестігімен тығыз жұмыс істеуді және кәсіпорындарға ШЫҰ қатысушы елдерінде қарыздар алу мүмкіндігін беруді жобалауда.

ШЫҰ іскерлік ңеңесінің төрағасы Райымбек Баталов:

- Қытай банктерінің мөлшерлемелері төмен. Үнді банктерінің мөлшерлемелері де қолайлы. Сондықтан, менің ойымша, бизнесте енді таңдау бар және ШЫҰ аясында бұл таңдау шындыққа жақындауда. Ол қазір де мүмкін, алайда, ШЫҰ пен іскерлік кеңес және біздің банкаралық бірлестікпен, қаржы институттарымен қарым-қатынасымыздың аясында оны жасау оңайырақ. Бізге осы қаржы институттарына есіктерді ашу жеңілірек. Бизнес қауымдастыққа жобаларды ұсыну қажет. Біз бизнеске осы жобаларды пысықтауға көмектесуге дайынбыз. Бізде әрбір елде ұлттық бөлімдер, олардың өз құрылымдары бар.

http://24.kz/m/ru/news/economyc/item/181080-mogut-sozdat-sovmestnyj-fond-pryamykh-investitsij