• Мобильді үстемені жүктеу

Осы жылы Қазақстанның АЭА 100 млрд. теңгеге 24 жоба іске қосылады

Қазақстанның АЭА аумағында 157 жоба (олардың ішінде 32 шетелдік қатысумен) іске қосылды, 651 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, 11 мың 600 артық жұмыс орны құрылды. Бюджетке салықтай 107 млрд. теңгеден артық қайтарылды. Инфрақұрылымға жұмсалған 1 бюджеттік теңгеге қатысушылар 2,4 теңге инвестиция жұмсады.

Ол туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде айтты. 

Министрдің сөздері бойынша, - "Осы жылы 3 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 100 млрд. теңгеге тағы 24 жобаны іске қосу жоспарлануда және тағы 20 жоба құрылысы басталады. 10 АЭА инфрақұрылымына шамамен 275 млрд. теңге жұмсалған, 5 АЭА (Оңтүстік, Бурабай, Сарыарқа, ПИТ, Хоргос) инфрақұрылымы толық аяқталған, қалған АЭА инфрақұрылым құрылыстың әр түрлі кезеңдерінде".

АЭА режимі "Хоргоста" соңғы буынды логистикалық кластерді, Астанада темір жол машиналарын жасауды құруға, "Оңтүстік" АЭА мата өнеркәсібін жаңғыртуға және «ХимпаркТараз» бен «НИНТ» АЭА химиялық және мұнай-химиялық кластердің негіздерін қалауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта барлық 10 АЭА қажетті инфрақұрылымға ие қолжетімді учаскелер бар.

http://mid.gov.kz/ru/news/v-etom-godu-na-sez-kazahstana-zapustyat-24-proekta-na-100-mlrd-tenge