• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан ЭЫДҰ халықаралық көлік форумының қатарына енді

 

Бүгін 1 маусым 2017 жылы Лейпциг қаласының (Германия) жыл сайынғы саммитінде   Қазақстан ЭЫДҰ Халықаралық  көлік форумына мүшелікке қабылданды.  

Форум 57 мүше - мемлекеттен тұратын халықаралық  үкіметаралық ұйым болып табылады (2006 жылдың 18 мамырында құрылды). Форум ӘЫДҰ құрамына кіргенімен,  мүшелерінің бірқатары ӘЫДҰ  құрамына кірмейтін, саяси автономиялық орган болып табылады. Ұйым көлік саясатының саласында кеңестер береді, сонымен қатар әлемдегі көлікті дамыту бойынша жаһандық мәселелерді талқылау бойынша жыл сайынғы көлік министрлер саммитін өткізеді. 

Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сагинов таныстырады. 

«Көлік саласындағы басқару» биылғы саммитте талқыланатын  басты тақырып болды, сонымен қатар іс-шара шегінде «Көлік инфрақұрылымына салынатын инвестициялардың сапасын арттыру» және «Ірі жолаушылар көлік тораптарын басқару» пленарлық сессиялар өтеді.

Біздің мемлекетіміздің бұл форумның жұмысына қатысуы, көлік дамытудың барлық салаларындағы өзекті зерттеу деректеріне жол ашады, сонымен қатар Қазақстанның логистикалық және транзиттік әлеуетін дамыту  және бекіту бойынша жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.   

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-vstupil-v-ryady-mezhdunarodnogo-transportnogo-foruma-oesr