• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуды жоспарлауда

Оңтүстік Корея Қазақстанға екі мемлекеттік бизнесмендерін біріктіретін, бірлескен алаң құруды ұсынады.   

Бұл туралы БҰҰ жанындағы Тынық мұхиты мен Азияға арнап,  экономикалық және әлеуметтік комиссия ұйымдастырған семинарда сөз қозғалды. 

Оның жұмысына Қазақстан ұлттық экономика Министрлігінің,  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Даму» қорының және өкілдік өкілдері қатысты.  Кездесуде Оңтүстік Корея өкілдері инвесторлар Қазақстанның шағын және орта бизнесінің өкілдері туралы ақпараттар таба алатын, сайт құруды ұсынды.  Салалық мекемеде бұл ұсыныстың қарастырылатынына сендірді.   

ҚР ҰЭМ департаментінің директоры, Ғалия Жолдыбаева:

- Инвесторлар біздің бизнестің жұмысының мүмкіндіктері, қызметі туралы біле алады. Біздің бизнес те байланыс жасап, инвесторлар туралы ақпарат ала алатын еді. Менің ойымша, қорыта келгенде, бұл Қазақстанға инвестиция тартып, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.   

http://24.kz/m/ru/news/economyc/item/179237-kazakhstan-i-yuzhnaya-koreya-namereny-vyjti-na-novyj-uroven-sotrudnichestva