• Мобильді үстемені жүктеу

Табысқа жету жолы

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында орналасқан Ақтоғай кен-байыту комбинатын салу бойынша жоба іске асырылды.

Жобаның мақсаты мен идеясы: ірі мыс кен орнын игеру

Инвестиция сомасы: 364,0 млрд. теңге.

Пайдалануға берілді: 2017 жылы.

Жұмыс орындары: пайдалану уақытында: 1500 адам;

Сату нарығы: ТМД және алыс шетел елдері.

Жобаны сәтті іске қосу қорытындысы бойынша компанияның Директорлар кеңесі Ақтоғайдың қайта өңдеу қуаттылығын жылына 25 млн. тоннадан  50 млн. тоннаға дейін екі есеге ұлғайту бойынша жобаны бекітті. Қаржы салымдарының бюджеті 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

 

«Полиметалл» – әлемде бастапқы ең ірі күміс өндірушілердің бірі, Ресейдің жетекші алтын өндіру компанияларының үштігіне кіреді. Ресейдің бес аймағында — Магадан облысында, Хабаровск өлкесі, Свердловск облысында, Карелия Республикасында, Чукоткада, Арменияда және  Қазақстан Республикасында бағалы металдарды өндіру және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді

 «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС «Полиметалл» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Кәсіпорын 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Әуезов кентінде  кеніш өнімділігі жылына 2 млн. тонна кен-байыту кешенін салу бойынша жобаны іске асыруда. Жоба құрамында алтын бар концентратты өндіруді жоспарлап отыр. Фабрика карьерді пайдалану кезеңінде орта есеппен 10 тонна концентратпен алтын шығарады, ал жерасты кенішін пайдаланған кезде 8 тоннадан астам мөлшерде шығаратын болады. Бүгінгі күні осы жоба компанияның өндірісін кеңейту бойынша «Полиметалды» дамытудың негізгі инвестициялық жобасы болып табылады.  Жобаның басшысы -  Овчинников Юрий Борисович.

Жобаның мақсаты мен идеясы: өнім өндірудің және жүзеге асырудың тұрақты көлеміне қол жеткізу

Инвестиция сомасы: 133,8 млрд. теңге.

Пайдалануға беру: 2018 жылғы маусым.

Жұмыс орындары: құрылыс кезінде: 268-ден 585 адамға дейін;                                пайдалану кезінде: 779-дан 1100 адамға дейін;

Сату нарығы: ҚР, ТМД және алыс шетел елдері.

«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бмзнестің әлеуметтік жауаптылығы бағдарламаларына белсенді қатысады. 2014-жылдан бастап 2017-жыл кезеңінде жасалған меморандумдар шегінде әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға 1 млрд. 854 млн. тенгеден астам инвестиция жұмсалды, сонымен бірге, демеушілік және материалдық көмек көрсетуге 35 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.  

 

«Бестер гибриді бекіре тұқымдастарының уылдырығы мен етін өндіру»

«Ost Fish» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Саратовка ауылында орналасқан «Ost Fish» ЖШС Бестер гибриді бекіре тұқымдастарының уылдырығы мен етін өндіру бойынша жобаны іске асырды.  Жобаның қуаттылығы жылына 45 тонна  бекіре еті мен 4 тонна бекіре уылдырығын өндіруді көздейді. Кәсіпорынның өнімі сапасы, ал уақыт өте келе саны бойынша шетелдік өндірушілердің импорттық өнімін толығымен алмастыруға қабілетті. 

Жобаның басшысы - Альчинбаев Рашид Галбилмаликович.

Жобаның мақсаты мен идеясы: бекіре балықтарын өсіру мен сапалы өнім өндіру бойынша заманауи технологияларды қолдану және оны Қазақстан нарығына және одан тыс жерлерге шығару.

Инвестиция сомасы: 1,8 млрд. теңге.

Пайдалануға берілді: 2016 жылы.

Жұмыс орындары: пайдалану кезінде: 25 адам;

Сату нарығы: РК, ТМД және алыс шетел елдері.